Солтүстік Кипр мен Түркия арасында күнделікті қатынайтын Filojet паромы жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30-да теңізге шыққан бойда суға толған. Кеме 6,5 шақырым жүзіп аударылып кеткен.
Құтқарылған жолаушылардың бірі Эфе Мултичи CNN Turk телеарнасына сұхбат берді. "Кеме өте нашар қозғалып бара жатты. Толқынмен бірге көтеріліп, бар күшпен төмен қарай түсіп, қатты шайқалды. Үш-төрт минуттан кейін паром кенеттен жоғары көтеріліп барып, суға батты. Содан соң сол жақ борттың алдыңғы жағы тесіліп, су ішке кірді, – деді жолаушы.
Солтүстік Кипрдің премьер-министрі Унал Устель катамаранға екі толқын тигенін айтты. Капитан бірінші соққыдан кейін кемені ұстап қалуға тырысқанымен, екінші соққыдан соң су ішке кіре бастаған.
Арада бірнеше сағат өтіп, толық эвакуация жүргізілген соң, паром толығымен суға батып кетті. Апат болған жердегі теңіз тереңдігі 514 метр екені белгілі болды.
Дабыл түскен бойда оқиға орнына бір жолаушылар кемесі, Солтүстік Кипр шекара қызметінің төрт күзет катері, Түркиядан бес кеме және екі тікұшақ шұғыл жеткен.
Кеме капитаны мен экипаждың жеті мүшесі қамауға алынды.