Тегеран: Ормуз бұғазынан рұқсатсыз өтпек болған 30 кеме тоқтатылды

Иран тарапының мәліметінше, кемелер 22 тамыздан бері белгіленген бағыттан тыс бұғазды кесіп өтпек болған.

 depositphotos.com 31 Тамыз 2026, 03:23
31 Тамыз 2026, 03:23
133
Фото: depositphotos.com

Иран Қарулы күштері соңғы бір аптада Ормуз бұғазы арқылы белгіленген тәртіптен тыс өтуге әрекет жасаған 30 кемені тоқтатқан. Бұл туралы Mehr агенттігі хабарлады.

Иран тарапының мәліметінше, кемелер 22 тамыздан бері белгіленген бағыттан тыс бұғазды кесіп өтпек болған. Олардың әрекетіне елдің Қарулы күштері тосқауыл қойған.

Қазіргі уақытта Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы шектеулі режимде жүзеге асырылып жатыр. Тегеран кемелер Иран белгілеген бағытпен, алдын ала келісім және тиісті талаптарды орындау арқылы ғана өте алатынын мәлімдейді. Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары да 30 тамызда бірде-бір кеме елмен үйлестірусіз бұғаздан өте алмайтынын айтты.

Ормуз бұғазы әлемдік энергетика үшін стратегиялық маңызы бар теңіз жолдарының бірі саналады. Бейбіт кезеңде әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газ тасымалының шамамен бестен бірі осы бағыт арқылы өтеді.

Наверх