Павлодарда суды заңсыз пайдаланғандар анықталды: 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Павлодарда суды заңсыз пайдаланушылар анықталды

31 Тамыз 2026, 16:25
АВТОР
 istockphoto.com 31 Тамыз 2026, 16:25
31 Тамыз 2026, 16:25
139
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысының табиғат қорғау прокуратурасы Ертіс бассейндік су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану инспекциясымен бірлескен жұмыс аясында шаруашылық қажеттіліктер үшін суды заңсыз алудың 50-ге жуық фактісін анықтады.

Анықталғандай, Су кодексінің талаптарын бұза отырып, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, коммуналдық ұйымдар, демалыс базалары және басқа да су пайдаланушылар арнайы су пайдалануға рұқсаты болмағанына қарамастан, жерүсті және жерасты суларын алып отырған.

Қадағалау актісі бойынша 15 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деп хабарлады Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Арал теңізіне 1,2 млрд текше метр су жіберілгені хабарланды

Тағы оқи отырыңыз: 

Күнтізбедегі жаңа күн: Арал, Әмудария және Сырдария – ынтымақтастықтың халықаралық жемісі

Аралдың қайта оралған толқыны: Үміт пен үрей

Наверх