Полицияның мәліметінше, оқиға сағат 23-00-де болған. Ал қаза болған әйел 46 жаста екен. Алдын ала мәлімет бойынша, ол велосипедті басқара алмай көлікке қарай құлаған. Ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Қазір полиция апаттың нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, 46 жастағы әйел Жолымбет көшесінің бойындағы тротуармен келе жатқан. Жолымбет пен Бестөбе көшелерінің қиылысына жеткенде велосипедті басқара алмай құлап кеткен. Сол сәтте қиылыстан өтіп бара жатқан «Газель» көлігінің артқы дөңгелегіне түскен, – деді ¤Астана қаласы Полиция департаменті.