Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін «Бішкек Арена» стадионына барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров күтіп алды.
Еске салсақ, бұған дейін Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының 25 жылдығына арналған саммитінің іс-шаралары басталғанын хабарладық. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте өтетін негізгі отырысқа қатысады.
Бағдарлама екі күнге – 31 тамыз бен 1 қыркүйекке жоспарланған. Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы және «ШЫҰ +» форматындағы жоғары деңгейдегі кездесу екінші күні Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың төрағалығымен өтеді.
Бішкектегі ШЫҰ саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Президенттер сауда, инвестиция, энергетика және көлік жобаларын талқылады. Кездесуде Қазақстандағы саяси реформаларға да ерекше мән берілді.