«Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры тағайындалды

Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды.

31 Тамыз 2026, 16:31
АВТОР
 Ақорда 31 Тамыз 2026, 16:31
31 Тамыз 2026, 16:31
296
Фото: Ақорда

Байтілес Ержан Айтөреұлы «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Qazaq Gazetteri ресми парақшасы жазды.

Ержан Байтілес – қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан қаламгер. Еңбек жолын ақпарат саласынан бастап, баспасөздің түрлі бағыттарында қызмет атқарды. Журналистік тәжірибесі мен редакторлық шеберлігін ұштастыра отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жауапты міндеттер атқарып келеді.

Оның кәсіби жолы журналистиканың күнделікті тыныс-тіршілігінен бастап, басылымды ұйымдастыру мен басқаруға дейінгі бағыттарды қамтиды. Қаламгер ретінде қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, ұлттық құндылықтар мен елдік мәселелерді ақпарат кеңістігінде насихаттауға атсалысты.

«Қазақ газеттері» ЖШС – қазақ баспасөзінде өзіндік орны бар іргелі медиа құрылымдардың бірі. Компания құрамындағы басылымдардың дәстүрі мен қалыптасқан журналистік мектебі жаңа басшыға үлкен жауапкершілік жүктейді.

Ержан Байтілес 1981 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Еңбекші ауылында дүниеге келген.
 
2002 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Журналистика факультетінде білім алған.
 
Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақстан» газетінде тілшіліктен бастаған ол 2005-2008 жылдары республикалық «Ақ жол Қазақстан» газетінде аға тілші, 2005-2008 жылдары «Алматы Ақшамы» газетінде бөлім меңгерушісі, «Ақшам-ақпарат» тобының жетекшісі, 2008-2011 жылдары республикалық «Ана тілі» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
 
2011 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге дейін республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі болған.
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
 
2021 жылдың маусымынан - ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі орынбасары. Президент Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі, ҚР Мемлекеттік кеңесшісінің Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті баспасөз хатшысының орынбасары болған.

Айта кетейік, бұған дейін ұжымды алаштанушы ғалым, ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы басқарған еді. Ол ҚР Құрылтайының депутаты болып сайланды.

Наверх