Найзағай, бұршақ, қатты жел: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды

Сонымен қатар бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

31 Тамыз 2026, 02:42
31 Тамыз 2026, 02:42
173

«Қазгидромет» бүгін, 31 тамызда Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жариялады.

Бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Алматы мен Алматы облысында жаңбыр, найзағай және күшті жел болжанады. Өңірде күндіз ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі. Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Жамбыл облыстарында да жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанған. Қызылорда облысында шаңды дауыл болуы мүмкін.

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Көкшетауда топырақ бетінде +2°C-қа дейін үсік болуы ықтимал.

Сонымен қатар бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Наверх