Все новости за 7 қазан 2026
-
-
Қазақстандықтардың 71 пайызы ауырғанда бірінші ЖИ-ден кеңес сұрайды
Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан көптеген Еуропа елдерінен жоғары тұр.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
Мемлекет басшысы Авазада өтетін халықаралық іс-шараларға қатысады.
-
ІІМ жеке сәйкестендіру нөмірін өзгертуге қатысты түсініктеме берді
Қазақстанда ЖСН бір рет беріледі және қайта өзгертілмейді.
-
Астанада Қазақстан мен Ұлыбритания авиация саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Қазақстандағы MRO нарығын дамытуға, отандық авиация мамандарының құзыреттерін арттыру көңіл бөлінді.
-
2036 жылғы Олимпиаданы өткізуге 7 ел таласып жатыр
Қазір аталған елдер Халықаралық Олимпиада комитетімен (ХОК) келіссөз жүргізіп жатыр.
-
Дауылды ескерту: 8 қазанда бірнеше өңірде құбылмалы ауа райы күтіледі
Солтүстік пен шығыста жаңбыр аралас қар, кей өңірлерде қатты жел, тұман және өрт қаупі күтіледі
-
Ақтауда ысталған балықтан уланған 9 жасар бала қайтыс болды
Ақтауда тамақтан уланып, жансақтау бөлімінде жатқан 9 жасар ұл бала көз жұмды. Туыстарының хабарлауынша, бала 6 қазанда қайтыс болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бала үй жағдайында ысталған балық жегеннен кейін уланған. Онымен бірге тағы үш ересек адам да ауруханаға түскен болатын.
Туыстарының а
-
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы: Балалар мен ата-аналар қандай көмек ала алады?
Балаларға Психологиялық қолдау орталықтары да көмек көрсетеді.
-
«Жігіттерді алдайды»: Қырғызстанда жасын үлкен етіп көрсететін қыздарға қатысты заң қабылдануы мүмкін
Қырғызстанда жасы туралы өтірік айтқан қыздар жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
-
ҚМДБ Қаскелең мешітіндегі жасөспірімдерді ұрып-соғу оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады
Мешіт ұстазы балаларды тәртіпке шақыру барысында эмоцияға беріліп, ұстаздық әдеп пен педагогикалық талаптарға сай келмейтін әрекеттерге жол берген.
-
V Азия Пара ойындарына Қазақстаннан қанша спортшы қатысады?
18-24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында V Азия Пара ойындары өтеді.
Ойындарда Қазақстан ұлттық командасының сапындағы 150 спортшы спорттың 12 түрі бой
-
Шымкентте тойдан кейін аспанға оқ атқан ер адам қамауға алынды
Шымкентте тойдан шыққан ер адам мейрамхана маңында сигналды тапаншамен аспанға оқ атқан. Оқиға соңы күтпеген шешімге әкелді.
-
Жаңбыр, көктайғақ, үсік: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: Қай өңірлерде қар жауып, үсік жүреді?
-
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барады
8-9 қазан күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Авазаға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сапар аясында Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне,
-
Арменияда сегіз айда туу көрсеткіші 2,6 пайызға төмендеді
Армениядағы өлім-жітім көрсеткіші.
-
Қазақстандағы әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мәртебесін дамыту тәжірибесі Варшавада таныстырылды
Варшавада Қазақстанның әлеуметтік жұмыс саласындағы тәжірибесі таныстырылды
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.Қазақстан Президенті Ресейдің өркендеуі және халқының игілігі жолындағ
-
Мектеп енді тек білім бермейді: Қазақстанда бала денсаулығына басымдық берілмек
Қазақстанда «Саламатты мектеп» бастамасы жаңа кезеңге өтуде. Енді жекелеген профилактикалық іс-шаралардан мектептерде салауатты әрі қауіпсіз орта қалыптастырудың бірыңғай жүйесіне көшу көзделіп отыр. Бұл туралы Астанада өткен «Саламатты мектеп» бірінші республикалық форумында айтылды, деп хабарлайды
-
Астанадағы халықаралық діни жиын: Отырыс қалай өтті?
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысы өтті. Жиынға 20 елден ислам, христиандық, иудаизм, индуизм, буддизм, даосизм, синтоизм және бахаи діндерінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, теологтар мен сарап
-
Түркістан мен Батыс Қазақстан Астанаға 600 тоннадан астам өнім әкеледі
Астанада үлкен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
-
Ауруханалардан ауылдағы медпункттерге дейін: Қазақстан медицинасы жеті жылда қалай жаңарды?
Елде 1 259 медициналық нысан салынды. Жаңғыртуға жүздеген миллиард теңге бағытталып, ірі жобалар қолға алынды.
-
Автобуста жанжал шығарып, жолаушыларды пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды
Пышақ кезеніп, жолаушыларды қорқытқан.
-
«Жедел жәрдемнің өзі әрең жетеді»: Алматының Наурызбай ауданындағы жол мәселесі тұрғындарды әбігерге салды
Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы «Монтажник» саяжай серіктестігінің тұрғындары жол мәселесіне байланысты дабыл қақты. Олардың айтуынша, кәріз желілерін тарту үшін қазылған көшелер бірнеше айдан бері қалпына келтірілмей, тұрғындарға қолайсыздық туғызып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?
Қазақстанда 2026 жылдың II тоқсанында 444,6 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлер
-
Жамбыл облысында диқаншылар өздеріне тиесілі жерді ала алмай жүргенін мәлімдеді: Әкімдік не дейді?
Жамбыл облысында ондаған шаруа жеті айдан бері өздеріне тиесілі жерді пайдалана алмай отырғанын айтып шағымданды. Олардың сөзінше, кооперативпен арадағы келісімшарттың бұзылғанына бір жылға жуықтаса да, бұрынғы ұжым егістік алқаптарды әлі күнге дейін өз бақылауында ұстап отыр. BAQ.KZ тілшісі аудан б
-
«Лукойл» Қазақстандағы жұмысын жалғастырады: Тоқаевқа жоспар таныстырылды
Президент Вагит Алекперовпен кездесіп, мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды одан әрі дамыту мәселесін талқылады.
-
Астаналықтар төмен пайызбен баспана ала алады: Құжатты қайда тапсыру қажет?
7 қазаннан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар жеңілдетілген мөлшерлемемен баспана алу үшін өтінім бере алады. Пәтердің бір шаршы метрінің бағасы 332 916 теңге болады. Бағдарламаға кімдер қатыса алады және ай сайын қанша төлеу қажет? Толығырақ BAQ.KZ тілшісінің материалында.
Астанада 2023-2
-
Ұлыбритания Қазақстанға қызығушылығын арттырды: Тоқаев қандай ұсыныс айтты?
Қазақстанда 500-ден астам британ компаниясы жұмыс істейді. Президент серіктестікті кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін талқылады.
-
Күзгі жауын-шашын сел қаупін төндірмей ме? Алматыда аудан әкімі тұрғындарды алаңдатқан сұраққа жауап берді
Жаз мезгілінде Алматының Наурызбай ауданында төтенше жағдай қаупі туралы бірнеше рет айтылған болатын. Күзде жауын-шашынның көбеюіне байланысты ықтимал қауіптер жөнінде аудан әкімі Назира Тоғызбаева пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әкімнің айтуынша, бүгінде қауіпті аймақтарды ан
-
Тоқаев Нигерия президентіне ұшақ апатына байланысты көңіл айтты
Мемлекет басшысы Нигерия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ондо штатында Нигерия Әскери әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырап, адамдардың қаза табуына байланысты Президент Бола Ахмед Тинубуға көңіл айтты. Мемлекет басшысы
-
Алматы көшесінде күшікті тұншықтырып, тепкілеген әйел арнайы мекемеге жеткізілді
Қоғамда резонанс тудырған видеодан кейін полиция әйелдің жеке басын анықтады. Қазір ол қажетті медициналық көмек алу үшін арнайы мекемеде.
-
Шығыс Қазақстан облысында жұмысшы жүк тиегіш көлікке тапталып, қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысында 56 жастағы жұмысшы көз жұмды.
-
Жамбылда вандализм тыйылмай тұр: 82 құқықбұзушылықтың жолы кесілді
2026 жылдың басынан бері Жамбыл облысында вандализмге байланысты 82 құқықбұзушылықтың жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Полицияның мәліметінше, олардың қатарында қоғамдық мүлікті бүлдіру, ғимараттардың қабырғаларына заңсыз жазулар жазу, ескерткіштер мен абаттандыру нысандарына зиян келті
-
Ұлытау облысында 9 мыңнан астам тұрғын біржолғы әлеуметтік төлем алады
Прокуратура араласуынан кейін Ұлытау облысында әлеуметтік төлем алатындар саны артып, 9 мыңнан астам тұрғын біржолғы қолдаумен қамтылды.
-
Тоқаев Тимур Турловқа маңызды міндеттер жүктеді: Шахматта не өзгермек?
Мемлекет басшысы FIDE президентімен кездесіп, Қазақстандағы шахматты дамытуға қатысты басым бағыттарды атады. Негізгі міндеттер белгілі болды.
-
Жамбыл облысында жанжалдан кейін көз жұмған оқушы ісі бойынша тергеу басталды
Жамбыл облысында көз жұмған оқушыға қатысты істің жаңа мән-жайлары белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқушының қайтыс болғанын бұған дейін Жамбыл облыстық білім басқармасы растаған. Ведомствоның мәліметінше, оқиға шамамен сағат 22:00-де болған.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер а
-
Санкциялар Қырғызстандағы жүздеген бизнес-шотқа соққы жасады
Қырғызстандағы санкциялар: компаниялар мен банк шоттары неге жабылып жатыр?
-
Қарағандыда жаңа туған нәрестеге күрделі жүрек операциясы жасалды
Қарағандыда 19 күндік нәрестенің жүрегіне күрделі операция жасалды.
-
Астанада бес көлік өртенген оқиға: Бір адам жансақтау бөлімінде жатыр
Астанадағы тұрақта болған төтенше жағдай.
-
Бектенов: Үкімет халықаралық қаржы ұйымдарымен серіктестікті нығайтуға дайын
Олжас Бектенов: Үкімет халықаралық қаржы ұйымдарымен серіктестікті нығайтуға дайын
-
Шетелде соғыс аймақтарында жүрген Қазақстан азаматтарын отанға қайтару: СІМ ресми мәлімдеме жасады
Сыртқы істер министрлігі соғыс аймағынан қазақстандықтарды қайтару бойынша келіссөздер жүргізуде.
-
Балабақшаға бармаған бала үшін мемлекет неге ақша төлейді? Депутат кезек жүйесін өзгертуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Ләззат Қожахметова балабақшадағы кезек жүйесін қайта қарауды және ваучерлік қаржыландыруды баланың нақты алған қызметімен байланыстыруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутат бұл мәселені Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға жолдаған депутаттық сауалында көтерді.
Ләзз
-
Қазақстанда жастардың мобильді аударымдарына биометриялық тексеру енгізілуі мүмкін
Құрылтай депутаты Дидарбек Ділдәбек жастардың синтетикалық есірткі тасымалы мен дропперлікке тартылуының алдын алу үшін бірқатар шара қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Әділет» партиясы фракциясының депутаты Бас прокурор Берік Асыловқа, Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке, Ғылым жән
-
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты өсті
2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында өндіріс көлемі 122,3 мың тоннаны құрады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріштің
-
Жастар кітап оқуға бет бұрды: «Оқырман ұрпақ» жобасы іске қосылды
«Әділет» партиясының Жастар қанаты жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Оқырман ұрпақ» жобасын іске қосты. Жоба аясында жастар кітап клубтарына бірігеді. Солай «Бір ай – бір кітап – бір кездесу» қағидаты бойынша ай сайын бір шығарманы оқып, бірге талқылайды.
Жоба Мемлекет
-
Шетелде заңды түрде жұмыс істеу үшін не білу керек? Қазақстандықтарға арналған нұсқаулық
Соңғы жылдары шетелде жұмыс істегісі келетін қазақстандықтардың саны артып келеді. Бірі жоғары жалақы іздесе, енді бірі жаңа тәжірибе жинауды көздейді. Алайда шетелге жұмысқа орналасу кезінде алаяқтардың арбауына түсу, заңсыз еңбек ету немесе еңбек құқығының бұзылуы сияқты тәуекелдер де бар. Сондықт
-
Жаңа Конституция: Қазақстанның басты заңындағы 10 маңызды өзгеріс
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енді. Осы күннен бастап 1995 жылғы Конституцияның қолданысы тоқтап, елдің мемлекеттік институттары жаңа конституциялық нормаларға сәйкес қайта қалыптасты.
Жаңа Ата заңға сәйкес Парламенттің орнын
-
Фатих Мехмет Караджа: Климаттық дағдарыс – бұл тек экология емес, ар-ождан мәселесі
Климаттың өзгеруін тек экологиялық, экономикалық немесе саяси мәселе ретінде ғана емес, ар-ождан, этика және сенім мәселесі ретінде де қарастыру қажет. Бұл туралы Түркия Республикасының Дін істері басқармасы төрағасының орынбасары Фатих Мехмет Караджа Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі дінде
-
Депутат жаңа Конституция құндылықтарын білім беру жүйесіне енгізуді ұсынды
Құрылтай депутаты Ерлан Сайыр Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке депутаттық сауал жолдап, Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыру жөніндегі бірқатар шара ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутат өз сауалында Қазақстанда жаңа Констит
-
Шотына шектеу қойылған адам қалай өмір сүреді? – Депутат халық үшін маңызды ұсыныс айтты
Құрылтай депутаты Алмас Мухаметов азаматтардың банк шоттарына шектеу қойылған жағдайда өмір сүруге қажетті ең аз қаражатты сақтап қалу тетігін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутат бұл мәселені Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке жолдаған депутаттық сауалында көтерді.
Алмас М
-
Астанада үш келіден астам есірткі тәркіленіп, екі күдікті ұсталды
Астанада есірткінің ірі партиясын елордаға жеткізу әрекетінің жолы кесілді. Полиция 20 жастағы ер адам мен 18 жастағы қызды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері елордаға кіреберістегі бекеттердің бірінде күдіктілер отырғ
-
Қорғаныс министрлігінде кадрлық өзгеріс: Тоқаев жаңа орынбасарды тағайындады
Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары атанды. Ол жаңа қызметке дейін мемлекеттік басқару мен қаржы саласында еңбек еткен.
-
Қазақстан дінаралық диалогта белсенді рөл атқара береді – Пашазаде
Қазақстан дінаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға белсенді қатысуын жалғастырады. Бұл пікірді Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Шейх-уль-Ислам Аллахшүкір Паша-заде Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысында білдірді, деп хабарлайды
-
Қазақстан мен Сербия әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтады
Құрылтай 2023 жылғы 29 қарашада Белград қаласында жасалған Қазақстан мен Сербия Үкіметтері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құжат Қазақстан мен Сербия арасында тең құқылық негізінде және екі елдің ұлттық заңнамасына сәйкес ө
-
Құрылтай жанынан мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады
Құрылтай жанынан мәслихаттармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес құру ұсынылды. Бұл туралы Құрылтайдың Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің төрағасы Әмірбек Оспанбеков Құрылтай отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, жаңа Кеңес Құрылтай мен өңірлердің өкілді
-
Қазақстан мен Ресей мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісімді 2028 жылға дейін ұзартпақ
Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы үкіметаралық келісімнің қолданысын қайта бастау және оны 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту ұсынылды. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Құрылтай отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құрылтай
-
«Қағидат іске аспаса, ол – кейінге қалдырылған уәде»: БҰҰ өкілі бейбітшілік туралы айтты
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысы өтіп жатыр. Жиында дінаралық және мәдениетаралық диалогты нақты нәтижеге бағыттау, бейбітшілікті нығайту және жасанды интеллектіні этикалық тұрғыдан қолдану мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл тура
-
«Шәмші Қалдаяқов» медалін кімдер алады? Министрлік талаптарды түсіндірді
Құрылтай депутаты Гүлісхан Нахбаева Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақовқа «Шәмші Қалдаяқов» медалін тағайындау талаптарына қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Заң жобасымен отандық музыка өнерін дамытудағы ерекше еңбегі үшін «Шәмші Қалдаяқов» медалін тағайынд
-
Дүниежүзілік Ислам Лигасы: Дін атын жамылған қақтығыстарға жол бермеу керек
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысы өтіп жатыр. Жиында діндердің бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы рөлі, өркениеттер арасындағы диалог және адамзаттың ортақ құндылықтары талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жиында сөз алған Дүниежүзілік Ислам Ли
-
Бейбітшілікке бастайтын диалог: Қасиетті Тақ өкілі Қазақстанның рөлін бағалады
Қазақстанның түрлі дін өкілдерін бір алаңға жинап, өзара диалог орнатуға қосқан үлесі зор. Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысында Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының өкілі Лоран Базанезе осындай пікір білдірді, деп хабарл
-
Астана мәмілеге келуі қиын діни лидерлерді біріктірген алаңға айналды – Нұртөре Жүсіп
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Қазақстанның халықаралық беделін нығайтып, түрлі дін өкілдерін ортақ диалогқа біріктіретін маңызды алаңға айналды. Бұл туралы Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақстанның Медиа Альянсы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұртөре Жүсіп BAQ.KZ тіл
-
Астанада жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтары туралы Хартия жобасы таныстырылады
Қазақстан мен Қасиетті Тақтың ынтымақтастығы аясында жазылмайтын дертке шалдыққан баланың құқықтары туралы Хартия жобасы әзірленді. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысында Қазақстан Республикасының вице-президенті, Съезд хатшылығының төрағасы Ерлан Қарин
-
Қазақстанда екі жаңа мемлекеттік марапат пайда болады: Награда кімге беріледі?
Қазақстанда музыка және бейнелеу өнері саласына елеулі үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік деңгейде марапаттау үшін екі жаңа награда енгізу ұсынылды. Бұл туралы Құрылтай отырысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын
-
Ерлан Қарин: Бірлік пен дінаралық келісім Қазақстан дамуының маңызды бағыты
Вице-президент жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарына, ар-ождан еркіндігіне және конфессияаралық келісімге басымдық берілгенін айтты.
-
«Имам AI» деген не? Қазақстанның Бас мүфтиі жаңа жоба туралы айтты
Жоба Қазақстанда қалыптасқан ислам дәстүрі мен ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып әзірленіп жатыр.
-
Алгоритмдердің мүмкіндігі кеңейген сайын адамның жауапкершілігі артады – Ерлан Қарин
Технологиялық даму адамзаттың моральдық жауапкершілігінен озып кетпеуге тиіс. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысында Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, съезі Хатшылығының Төрағасы Ерлан Қарин жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану мәселесіне тоқталды
-
«Таза Қазақстан» жай абаттандыру емес: Ерлан Қарин экологиялық жауапкершілік туралы айтты
Ерлан Қарин климаттың өзгеруі мен экологиялық жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.
-
Тоқаевтың экономикалық бағыты: Халықаралық бизнес үшін қандай мүмкіндіктер ашылды
Жаһандық экономика, қаржы және инвестиция мәселелеріне маманданған британдық іскерлік басылым The World Financial Review Қазақстанның шикізаттық сектордан тыс инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтіп жатқаны туралы мақала жариялады. Онда Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері посткеңестік экономикадан
-
Құрылтай 6 судьяны қызметінен босатты
Құрылтай отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын лауазымынан босату туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құрылтай Жоғарғы Соттың судьялары Марина Боровикті, Нұржан Қайыпжанды, Валерий Ноздринді, Мәдениет Омарбекованы, сондай-ақ Сәкен Абдолла мен Аслан Түкиевті
-
Қазақстанда 161 медициналық нысан салынып, жөнделіп жатыр: Жыл соңына дейін қандай жобалар аяқталады
Қазақстанда 2026 жылдың соңына дейін шамамен 50 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Қазір елімізде жалпы саны 161 медициналық нысанда құрылыс, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы BAQ.KZ-ке Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
-
Құрылтай депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
Депутат Татьяна Савельева Құрылтайдағы қызметін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов ОСК-ға 2026 жылғы 6 қазанда Құрылтай депутаты Татьяна Михайловна Савельевадан өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші келіп түск
-
Жасанды интеллект пен дін: Әлемдік дін көшбасшылары Астанада бас қосты
Отырысқа 20 елден дін көшбасшылары, сарапшылар мен халықаралық ұйым өкілдері қатысуда.
-
Қазақстанда кейбір рецептімен берілетін дәрілердің бағасын енді нарық белгілейді: Не өзгерді?
Қазақстан мен көрші елдерде бір дәрінің бағасы неге әртүрлі болуы мүмкін? Дәріхана сөрелерінен үйреншікті дәрілер неге жоғалып кетеді? Неліктен бір дәріханада рецептті алып қалады, ал енді бірінде науқасқа қайтарып жатады? Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде қазақстандықтар осы сұрақтарды жиі көтеріп
-
Астанада 20 елдің дін өкілдері бас қосады: Жиын алдындағы сәттер
7 қазан. Сәрсенбі. Бейбітшілік және келісім сарайында бүгінгі халықаралық басқосуға дайындық жүріп жатыр. Дәліздерде адамдар қозғалысы байқалғанымен, отырыс өтетін зал әзірге бос. Сәлден соң мұнда 20 елден келген өкілдер жиналады. BAQ.KZ тілшісі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы
-
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады
Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру белгіленген талаптардың сақталуын бақылауға, ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтауға және жобаны іске асыру барысында қажетті шаралар қабы
-
Алтын бағасы алдағы бір жылда 5013 долларға дейін қымбаттауы мүмкін
Мұндай болжамды Лондон бағалы металдар қауымдастығының (LBMA) отырысына қатысушылар жасады.
-
Президент тапсырмасы: Үкімет тарапынан Аралды қалпына келтіру және Каспийді сақтау жөніндегі жұмыс күшейтілді
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауыында берген тапсырмаларын орындау аясында Солтүстік Аралды қалпына келтіру және Каспий теңізінің су ресурстарын с
-
Бүгін екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі
Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз – тынық ауа, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Мұндай кезде зиянды және ластаушы заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуы мүмкін.
-
Ақмолада 121 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Жердің кадастрлық құны 492,6 млн теңге.
-
Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды
Оның негізгі міндеті — жекелеген технологиялық және жобалық бастамалардан климаттық қаржыландыруды тартуға дайын құрылымдалған инвестициялық жобаларға көшуді қамтамасыз ету.
-
Ерлан Қарин Джеки Чанмен кинематография саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Вице-президент Ерлан Қарин халықаралық киножобаның түсірілім тобымен кездесті.
-
Алтын бағасы неге құбылып тұр: Доллар, ФРЖ және геосаясат не дейді
Сарапшылар әлемдік нарықтағы өзгерістердің алтын бағасына, Қазақстан резервтеріне және азаматтардың жинағына ықпалын түсіндірді.
-
Елімізде 16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желідегі парақшаларына шектеу енгізілуі мүмкін
Жасты шамамен анықтауға арналған Face ID-ге ұқсас технологияларды қолдану да қарастырылып жатыр. Премьер-министр Олжас Бектенов жас растау тетіктерінің бірі ретінде AgeKey жүйесін атаған.
-
Қазақстанда алкогольге ең көп ақша жұмсайтын өңір анықталды
Бір жыл ішінде өңірлерде алкоголь өнімдерінің бағасының өсу қарқыны үш еседен астам ерекшеленді, ал халықтың жарты жылдағы орташа шығыны 1,1%-ға төмендеді.
-
NASA Марстың жаңа суреттерін көрсетті
NASA жариялаған суреттер әлеуметтік желіде үлкен қызығушылық тудырды. Жазбаға шамамен 105 мың лайк жиналған.
-
Ресей ДДСҰ-ға Иркутскіде оба ауруының тіркелмегенін хабарлады
ДДСҰ Ресейдегі оба індетінің таралу қаупін төмен деп бағалады
-
Франция жаңа ядролық зымыранды сынақтан өткізді
Зымыран суасты сүңгуір қайықтан ұшырылған.
-
АҚШ Энергетика министрлігі Brent мұнайының 2027 жылғы бағасына болжамын көтерді
2027 жылы WTI бағасы 79,74 доллар деңгейінде болады деп болжанып отыр.
-
7 қазанға валюта бағамы
Ұлттық банктің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.
-
Шымкентте 150 адамға арналған оңалту орталығы ашылды
Орталық отандық және шетелдік өндірістің заманауи медициналық жабдықтарымен, оның ішінде арнайы техникамен қамтамасыз етілген. Қажет процедуралар аяқталған соң орталық азаматтарды қабылдауды бастайды.
Наверх