Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барады

 ©BAQ.KZ архиві 7 Қазан 2026, 19:12
7 Қазан 2026, 19:12
124
Фото: ©BAQ.KZ архиві

8-9 қазан күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Авазаға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сапар аясында Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.

Наверх