Все новости за 19 қазан 2026
-
-
«Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысып жатыр
Қатысушылар платформада оқыған кітаптары туралы пікірлерін жариялайды.
-
Талдықорғанда наубайхана өртеніп, жұмысшы зардап шекті
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның 22 қызметкері қатысты.
-
Үсік, көктайғақ, екпінді жел: бірнеше өңірде ескерту жасалды
Ертең ел астанасында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
-
Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті
71 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Апатқа Tesla жүргізушісінің жол бермеуі себеп болған.
-
Қазақстан күрестен U23 әлем чемпионатын жеті медальмен аяқтады
Аталған додада Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алды. Оның үшеуі алтын, біреуі күміс, үшеуі қола жүлде.
-
Өзбекстан халқы бір жылда қаншаға көбейді?
Бір жылда ел халқының саны 700 мыңға жуық адамға көбейді.
-
Жамбыл облысында колледж директорына айыппұл салынды
Жамбыл облысының Жуалы аудандық соты мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары берген заңды нұсқамаларды орындамау фактісі бойынша азамат И-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
2026 жылдың наурыз айында Жамбыл облысының тексеру комиссиясы Жуалы ауданындағы колледждің бюджет қ
-
Канадада әскери базадағы өрттен 7 адам қаза тапты
Канададағы Уэйнрайт әскери базасында болған жарылыс пен өрт салдарынан кемінде жеті адам қаза тауып, тағы ондаған адам жарақат алды.
Global News телеарнасының мәліметінше, оқиға атыс жаттығулары кезінде болған. Алдын ала деректер бойынша, жаттығу барысында база аумағындағы газ құбыры зақымд
-
Бішкекте Құрылтай мен Жогорку Кенеш төрағаларының кездесуі өтті
Құрылтай Спикері Жогорку Кенештің Төрағасымен кездесті.
ТүркПА-ның отырысы шеңберінде Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевпен кездесті.
Айбек Дәдебай әріптесін Қырғызстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, қонақжай пейілі үшін ризашылық бі
-
Астанада 89,7 млн теңгені жымқырған бас есепші 7 жылға сотталды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған қаражатты иемденіп алған К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Соттың мәліметінше, К. бас есепші қызметін атқара отырып, есептік жүйеге қол жеткізу мүмкіндігін пайдаланып, өз
-
Рамазан, Ораза және Құрбан айт: 2027 жылға арналған діни күндер кестесі белгілі болды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылға арналған діни мерекелер мен маңызды даталардың күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күнтізбеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 8 ақпанда басталып, 9 наурызда Ораза айт мерекесімен аяқталады. Айдың ең маңызды түндерінің бірі – Қадір түні – 5 наур
-
Әзербайжанда мектеп директорының көлігін өртеді: Тағы бір күдікті ұсталды
Бакуде мектеп директорына тиесілі Kia көлігін қасақана өртеу ісі бойынша тағы бір адам қамауға алынды. Тергеу барысында не анықталды?
-
«Алтынемел – құландар мекені»: Жетісудағы туристік фестивальге бес елден қонақтар келді
Жетісу облысындағы «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өткен «Алтынемел – құландар мекені» туристік және мәдени-экологиялық фестиваліне мыңнан астам адам жиналды.
Қатысушылар қатарында Ұлыбритания, Үндістан, Франция, Ресейден, соның ішінде Якутиядан қонақтар, сондай-ақ Астана, Алматы, Та
-
Дильназ Ахмадиеваның даулы клипы: Білім басқармасы мәлімдеме жасады
Әнші Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының «Milfa» әніне түсірген клипі әлеуметтік желіде сынға ұшырады. Бейнебаян Алматы қаласындағы колледждердің бірінде түсірілгені анықталды.
Музыкалық бейнеклиптің түсірілімі Алматы қаласы Білім басқармасымен алдын ала келісілмегені белгілі болды.
Білім б
-
Дәрменсіз балаларға физикалық және психологиялық қысым көрсеткен: Абай облысындағы сұмдық фактілер анықталды
Абай облысының прокуратурасы ерекше күтімді қажет ететін балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында Абай облысының прокуратурасы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тексерулер бастады.
Аягөз ауданының Арна
-
«Бұл жерде туристердің соншалықты аз екеніне сене алар емеспіз»: Қазақстан шетелдіктерді несімен таңғалдырады?
Тянь-Шаньның қарлы шыңдарынан бастап Маңғыстаудың шөлді пейзаждарына дейін, Алматының кофейняларынан Астананың футуристік сәулетіне дейін – шетелдік саяхатшылар әлеуметтік желілерде Қазақстаннан алған жылы әсерлерімен жиі бөлісуде. Көбінің мойындауынша: сапарға дейін олар елді мүлде басқаша елестетк
-
«Ақшаңызды қорғаңыз» деген қоңырау: Зейнеткер 3 млн теңгесінен айырылып қала жаздады
Өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқ әйелді алдап, депозитін шештірген. Қаскөйлердің жоспарына такси жүргізушісі кедергі келтірді.
-
Мемлекеттік қызметтен IT экспортына дейін: Қазақстанда жеті жылда не өзгерді?
Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн қолжетімді.
-
Қазақстандық оқушылар күзгі каникулға қашан шығады?
Қазақстандық оқушылардың күзгі демалысы 26 қазанда басталып, 1 қарашаға дейін жалғасады. Оқушылар жеті күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026/2027 оқу жылындағы оқушылардың демалыс кезеңдерін бекітті.
Бірінші тоқсан сегіз оқу аптасына созыла
-
Миллиардтаған долларлық Қашаған: Қазақстан әлемдегі ең ірі кен орындарының бірінен қанша табыс тапты?
Қазақстан Қашаған кен орнының операторынан 5,2 млрд доллар айыппұл өндіріп алу рәсімін қайта бастады. Сонымен қатар мұнай өндіру көлемі төмендегеніне қарамастан, Солтүстік Каспий жобасынан түскен салық түсімі 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында екі еседен астам өсті. Әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарын
-
Алматы тұрғындарының 81%-ы ауаны денсаулыққа қауіпті деп санайды
Алматы тұрғындарының 81%-ы қаладағы ауа сапасын адам денсаулығына қауіпті деп есептейді. Сонымен қатар басқа қалаға немесе өңірге көшу мүмкіндігін байыппен қарастырып жүрген не көшуге дайындалып жатқан азаматтардың үлесі 2024 жылғы 17%-дан 26%-ға дейін өскен. Бұл туралы Almaty Air Initiative қорының
-
Елордалық балабақша бүлдіршіндері Республика күніне ән арнады
Астанадағы №93 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушілері 25 қазан – Республика күніне орай патриоттық ән орындады.
Қала әкімдігінің мәліметінше, мерекеге арналған ән арқылы бүлдіршіндер туған жерге деген сүйіспеншілігін, Отанға деген құрметін жеткізді.
Балабақшада балаларды жастайынан отансүйгішті
-
Қарулы күштер әзірлігі: Президент Қорғаныс министрлігінің алдына қандай міндеттер қойды?
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады.
-
Қосшыға баратын LRT желісінде тіректерді орнату жұмыстары 97 пайызға орындалды
Қосшы қаласына қарай тартылатын LRT желісінде 294 тірек орнатылып, 385 эстакада құрылымы монтаждалған. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, LRT іске қосылғалы бері жолаушылар 11,5 миллионға жуық сапар жасаған. Қала басшысы жаңа көлік түрі а
-
Тель-Авивтен Венаға ұшқан ұшақ бомба қаупіне байланысты Софияға шұғыл қонды
Тель-Авив – Вена рейсіндегі бомба дабылы
-
Илон Маск АҚШ-тағы әр балаға SpaceX компаниясының акциясын сыйламақ
Илон Маск келесі жылы АҚШ-тағы әр балаға өзі иелік ететін SpaceX компаниясының акциясын сыйға тартуға уәде берді.
-
Тоқаев Ресейдің Ленинград облысының губернаторын қабылдады: Қандай мәселе талқыланды?
Александр Дрозденко Қазақстанға сапары барысында Мемлекет басшысымен кездесті. Тараптар бірлескен жобалар мен сауда-экономикалық байланыстарды сөз етті.
-
Республика күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады?
25 қазан жексенбіге түседі. Осыған байланысты демалыс күндеріне өзгеріс енгізілді. Қазақстандықтарды қазанда тағы қандай демалыс күтіп тұр?
-
Оңтүстік Алтайда алғаш рет қар барысына спутниктік қарғыбау орнатылды
Мамандар сирек кездесетін жыртқышқа «Алтай» деген ат қойды. Енді ғалымдар оның қозғалысы мен мекендейтін аумағын бақылайды.
-
Сезімнен саналы шешімге дейін: Отбасын құруға көзқарас қалай өзгереді?
Тұрмысқа шығуға асықпау – саналы таңдау ма, әлде кейде жақын қарым-қатынас құрудан қорқудың белгісі ме? Болашақ серікке қойылатын талап пен адамның ішкі дайындығын қалай ажыратуға болады? BAQ.KZ сұқбат алаңында кейіпкеріміз Ұлданай Хадекешова және психолог Венера Елеумен отбасын құруға көзқарас
-
Ибраһим Нұрмаханұлы Азия Пара ойындарының чемпионы атанды
Қазақстандық пара дзюдошы Ибраһим Нұрмаханұлы Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
-
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан семсерлесушілер құрамасын тарихи жеңісімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесу Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бі
-
Қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Қараша айында Қазақстанның барлық аумағында ауаның орташа айлық температурасы климаттық нормадан 2 градусқа жоғары болады. Жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормаға жуық, ал бірқатар өңірде нормадан көп түсуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ның 2026 жылғы
-
2027 жылдан бастап жұмысынан айырылғандарға төлем беру мерзімі үш айға дейін қысқарады
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем берілетін ең ұзақ мерзім алты айдан үш айға дейін қысқарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Министрліктің түсіндіруінше, төлемнің қ
-
Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өсті – сарапшы
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның қаржы нарығының өсу қарқыны баяулаған. Осы кезеңде қаржы нарығының өсімі 2,9%-ды құраса, ел экономикасы 4,1%-ға өскен. Бұл туралы экономист, R-finance кеңесшісі Арман Байғанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, 2024-2025 жылдары
-
Қауіпсіздік кеңесінде екі жаңа тағайындау: Кімдер қызметке келді?
Мемлекет басшысының өкімдерімен аппараттағы екі лауазымға жаңа басшылар тағайындалды. Толығырақ – материалда.
-
Жарнамаға сенбей, құжатын тексеріңіз: БАД сатып алғанда нені білу керек?
«Бір аптада арықтайсыз», «Ағзаңызды тазартады», «Созылмалы аурудан құтыласыз»… Әлеуметтік желіде биологиялық белсенді қоспаларды осындай уәделермен жарнамалайтындар аз емес. Алайда әдемі қаптама мен жағымды пікірлер өнімнің қауіпсіздігін растамайды. Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақ
-
Президент бір топ құтқарушыларды кәсіби мерекеге орай марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мына азаматтар марапатталды:
ІІ дә
-
Кинолог пен ит – қоғамға пайдасын тигізетін біртұтас команда
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының кинологиялық бөлімшесінің жетекшісі Наталья Дрожжина кинологтар қатарында 25 жылдан бері қызмет етіп келеді. Иттерге деген сүйіспеншілігі Натальяны ТЖД жедел-құтқару жасағына жұмысқа келуге жетелеген басты себеп болды.
Із кесу арқылы адамдарды із
-
Қазақстан ТЖМ жүйесінде 324 отбасылық жұп қызмет етеді
Құтқарушының формасының артында кәсібилік пен көмекке келуге дайындық қана емес, жақындарының қолдауы да бар. ТЖМ бөлімшелерінде 324 отбасылық жұп қызмет етеді. Олар үшін жауапкершілік, өзара қолдау және мамандыққа адалдық ортақ өмірлік құндылықтарға айналған.
Карелиндер отбасы: ортақ мамандық және
-
Көктайғақ пен қар: Синоптиктер қай өңірлерде ауа райы суытатынын болжады
Синоптиктер 20–22 қазан аралығында мол жауын-шашын болатынын ескертті.
-
Президент: Бейқамдық пен салғырттық – кез келген қоғамды артқа тартатын қасиеттер
Мемлекет басшысы: «Қиналған адамға көмек қолын созу – ұлтымыздың болмысына сіңген дағды».
-
«Ауыл құтқарушылары» жобасының арқасында 450-ге жуық өрт дер кезінде тоқтатылды
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл құтқарушылары» бастамасын бүкіл ел аумағында кеңінен қолдану қажет деп санайды. Мемлекет басшысы өндіріс орындарындағы, кеніштердегі, сондай-ақ шалғай елді мекендердегі қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылып жатқанын тілге тиек етті.
– Құтқару жұмыстарының т
-
Соңғы 5 жылда құтқарушылар 240 мыңға жуық азаматқа көмек көрсетті – Тоқаев
Президент кейінгі бес жылда құтқарушыларымыз 75 мыңнан астам жедел шақырту бойынша 240 мыңға жуық азаматқа көмек көрсеткенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қорғаныс саласын дамыту үшін озық технологияларды енгізу және материалдық-техникалық әлеуетті нығайту маңызды екеніне назар аударды.
-
Мемлекет азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлуде – Президент
Мемлекет басшысы қазір еліміз түбегейлі жаңғыру мен өзгеріс жолына нық сеніммен қадам басқанын атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның барлық саласында ауқымды реформалар жүзеге асырылғанына назар аударды.
– Еліміздің басты мақсаты да, мін
-
Өзгенің өмірін сақтау үшін, өз өмірін қатерге тігеді – Президент құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады
Бейбіт күннің батырлары: Президент құтқарушылардың еңбегін жоғары бағалады.
-
Оңтүстік Кореяда жұмыс уәде еткен: 8 жыл іздеуде жүрген алаяқ әйел Астанада ұсталды
Оңтүстік Кореяда жұмыс уәде еткен: Астанада 8 жыл іздеуде жүрген әйел ұсталды
-
Аутизмі бар балаларға арналған 189 күндізгі бөлімше ашылады
Қазақстанда психикалық денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында 81 бастапқы орталық пен аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларға арналған 189 күндізгі болу бөлімшесін ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде өткен кеңесте мәлім болды.
Ведомство
-
Марко Рубио Қазақстанға сапармен келуге мүдделі
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесті
-
ҰҚК тексеру жүргізіп, 13 Қытай азаматын елден шығарды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз көші-қонға қарсы күрес аясында ел аумағында көші-қон заңнамасын бұзған Қытайдың 13 азаматы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар Қазақстан аумағынан халықаралық интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.
ҰҚК мә
-
Астанада көмірді қайдан және қаншаға сатып алуға болады?
Астанада тұрғындар үшін 14 көмір сату орны мен 10 қойма жұмыс істейді.
-
Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық пара пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, 19 қазанда 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы 192 келіні көтеріп,
-
Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Отырыс барысында экономикалық дамудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық сарапшылардың ұсыныстары тыңдалды. Қатысушылар әлемдік нарықтардағы қазіргі ахуал, экономикалық өсімді ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру және халықтың әл-ауқатының тұрақты өсуіне жағдай жасау мәселелері бойынша пік
-
«Альби» ломбардтары заңсыз қарыз берген: Күдіктінің 21 пәтері мен қонақүйі тәркілене ме?
Алматы және Түркістан облыстарында жұмыс істеген ломбардтар заңдағы шектен алты есе жоғары өсіммен қарыз берген. Іс сотқа жолданды.
-
20-24 қазанда Алматының қай көшелерінде жарық болмайды?
Алматыда 20-24 қазан аралығында бірқатар көше мен тұрғын алабында электр энергиясы уақытша өшіріледі. «Алатау Жарық Компаниясы» жоспарлы жөндеу және ақауларды жою жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Электр қуатының өшуі негізінен сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жоспарланған.
-
Қазақстан Азия Пара ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алды
Қазақстандық спортшы Еркін Ғаббасов Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, параспортшы пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа нысана көздеуден R1 дисциплинасында 24
-
Маймыл шешегі Ресейге де жетті: Қазақстанда жағдай қалай?
Министрлік инфекцияның елге әкеліну қаупін жоққа шығармайды, алайда оның халық арасында кең таралу ықтималдығы төмен екенін мәлімдеді.
-
Өрт сөндіру және апаттардың алдын алу: Қазақстанның құтқару қызметі қалай өзгерді
Құтқарушылар өрт сөндіруге және іздестіру-құтқару жұмыстарына аттанып жатқанда, биік таулы бекеттердің мамандары мұздақ көлдерді бақылап, авиациялық экипаждар ұшуға дайындалады, ал кезекші орталықтар тәулік бойы оқиғалар туралы хабарламаларды қабылдайды. Осы күнделікті жұмыстың артында өз мүмкіндікт
-
Францияда люкс бутиктер тоналып, қоғамдық ғимараттар өртенді: Тәртіпсіздік неден басталды?
Францияда 17 қазанда өткен жаппай наразылықтар соңы бірнеше қалада полициямен қақтығысқа, дүкендердің тоналуына және қоғамдық ғимараттардың өртенуіне ұласты. Парижде азаматтар Kenzo, Céline, Salomon сияқты танымал брендтердің бутиктерін бүлдіріп, сауда орындарының терезелерін сындырды. 18 қазанда әл
-
Кенияда Эбола вирусы таралып жатыр
Елде індет жұқтырған сегізінші жағдай тіркелді.
-
Жамбыл облысында екі полицей көлге секіріп, 16 жастағы жасөспірімді құтқарып қалды
Балық аулауға барған жасөспірім көлге құлап, тасқа ілініп қалған. Оны құтқару үшін полицейлер бір сәт те ойланбастан суға секірді.
-
Рим Папасы ауруханадан шықты
Кеше Рим Папасы Лев XIV Римдегі Агостино Джемелли атындағы клиникадан шықты. Бұл туралы Ватиканның баспасөз қызметі хабарлады.
Клиникадан кетер алдында Рим Папасы медициналық мекеменің басшылығына, дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғыс айтып, ғимараттың алдында жиналған науқастар ме
-
Қазақстанда $5 млрд-тық AI орталығы салынып жатыр: Алғашқы нысан қашан іске қосылады?
Екібастұзда 1 ГВт-қа дейін есептеу қуатын арттыруға мүмкіндік беретін жоба жүзеге асырылып жатыр. Алғашқы орталық қашан ашылады және Қазақстанға не береді?
-
ЖИ көмір қорын есептеу уақытын 10 күннен 20 минутқа дейін қысқартты
Электр беру желілерін, тіректер мен трансформаторларды тексеру жұмыстары 5-10 есе жылдамдайды.
-
Ел өңірлерінде қандай жаңа нысандар ашылды?
Бұл жобалар өндірістік әлеуетті арттыруға, көлік қатынасын жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеруге бағытталған.
-
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар мұндай күндері тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуға, әсіресе көлік көп жүретін жолдардың маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді.
-
Мерей Базарбаев еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионы атанды
Отандасымыз еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта топ жарды.
-
Республика күніне орай қай өңірлерде халыққа ақша беріледі?
25 қазан – Республика күніне орай Қазақстанның бірқатар өңірінде азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек төленеді. Кей өңірде мүгедектігі бар адамдар мен балаларға, енді бірінде бірнеше санаттағы азаматтарға қаржылай қолдау көрсетіледі. Ал бірқатар облыс пен қалада мерекеге арна
-
Жезқазғанда пәтерде қамалып қалған екі бала құтқарылды
Оларға медициналық көмек қажет болмады.
-
Бағдат Әміреев ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары болып сайланды
Тағайындау туралы шешім Бағдад қаласында өткен ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 52-сессиясында қабылданды.
-
Трамп: Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерде ілгерілеу бар
АҚШ президенті келіссөздердің нақты нәтижелері мен қол жеткізілген ілгерілеушіліктің егжей-тегжейін жарияламады.
-
Тұман және үсік: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жолда және ашық аумақта қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
-
Франциядағы тәртіпсіздіктер: Макрон үкіметтен шұғыл шара қабылдауды талап етті
Президент саяси партиялар мен кәсіподақтарды зорлық-зомбылықты біржақты айыптап, халықты сабырға шақыруға үндеді.
-
Қазақстандық семсерлесушілер әлем Кубогында алтын медаль жеңіп алды
Отандастарымыз финалда Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді.
-
Канададағы әскери базадағы өрттен кемінде төрт адам қаза тапты
Оқиғаның нақты себебі әзірге анықталған жоқ.
-
Трамп Израильдегі сайлау алдында Нетаньяхуды қолдады
Нетаньяху Трампқа қолдауы үшін алғыс айтып, екі елдің ортақ миссияны жалғастыратынын мәлімдеді.
Наверх