Ақтауда тамақтан уланып, жансақтау бөлімінде жатқан 9 жасар ұл бала көз жұмды. Туыстарының хабарлауынша, бала 6 қазанда қайтыс болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бала үй жағдайында ысталған балық жегеннен кейін уланған. Онымен бірге тағы үш ересек адам да ауруханаға түскен болатын.
Туыстарының айтуынша, бала жансақтау бөлімінде көз жұмған. Баланың әкесі де уланғандардың қатарында болған. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Тағы екі ересек адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр.
Баланың өлімінің нақты себебі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.
Туыстары қайғылы жағдайды үй жағдайында ысталған балықты тұтынғаннан кейінгі уланумен байланыстырып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстауда ысталған балық жеген төрт адам жансақтау бөліміне түскені
хабарланды.