Астанада жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтары туралы Хартия жобасы таныстырылады

7 Қазан 2026, 10:47
АВТОР
 ©BAQ.KZ /Аида Батухан 7 Қазан 2026, 10:47
7 Қазан 2026, 10:47
152
Фото: ©BAQ.KZ /Аида Батухан

Қазақстан мен Қасиетті Тақтың ынтымақтастығы аясында жазылмайтын дертке шалдыққан баланың құқықтары туралы Хартия жобасы әзірленді. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысында Қазақстан Республикасының вице-президенті, Съезд хатшылығының төрағасы Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжатты әзірлеуге Bambino Gesù балалар ауруханасының сарапшылары қатысқан. Жоба жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың қадір-қасиеті мен құқықтарын қорғау үшін мемлекеттердің, діни мекемелердің және медицина қауымдастығының күш-жігерін біріктіруге бағытталған. Оны таныстыру отырыстың күн тәртібіне енгізілген.

Ерлан Қарин талқылауға ұсынылған құжаттар мен бастамалардың барлығына ортақ ұстаным адам қадір-қасиетін қорғау екенін атап өтті.

Бүгінгі талқыланатын барлық құжаттар мен бастамалар негізінде ортақ қағидат жатыр. Яғни кез келген шешімнің өзегінде адам және оның қадір-қасиеті тұруға тиіс, - деді ол.

Вице-президент алдағы жұмыстың бірнеше бағытына тоқталды. Оның айтуынша, құжаттар мен бастамаларды серіктес діни бірлестіктермен, БҰҰ құрылымдарымен және өзге де халықаралық ұйымдармен бірлесіп ілгерілету қажет. Оларды іске асыруға салалық мамандар мен азаматтық қоғам өкілдерін тартып, сараптамалық қолдау тетіктерін айқындау да маңызды.

Хатшылықтың келесі отырысына дейін осы жұмыстың алғашқы нәтижелерін жинақтап, алдағы практикалық қадамдарды белгілеу көзделіп отыр.

Ерлан Қарин 2027 жылы Хатшылықтың мерейтойлық XXV отырысы өтетінін еске салды. Ал 2028 жылы алғашқы Съездің өткеніне ширек ғасыр толады. Сол жылы Астана Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IX съезін қабылдайды.

Біз бұған бірлескен жұмыстың нақты нәтижелерімен және алдағы міндеттерге қатысты айқын түсінікпен қадам басуымыз қажет, - деді Ерлан Қарин.

Еске салсақ, Ерлан Қарин климаттың өзгеруі мен экологиялық жауапкершілік мәселелеріне тоқталды. Оның сөзінше, «Таза Қазақстан» жай абаттандыру емес.

Тағы оқи отырыңыз: Алгоритмдердің мүмкіндігі кеңейген сайын адамның жауапкершілігі артады – Ерлан Қарин 

Ерлан Қарин: Бірлік пен дінаралық келісім Қазақстан дамуының маңызды бағыты 

Наверх