Все новости за 15 қазан 2026
-
-
Мерзімі өткен 1200 келіге жуық дәрі тапсырылған
Тұрғындарға жарамдылық мерзімі өткен дәрілерді арнайы жинау пункттеріне тапсыру ұсынылады.
-
Қазақстан Төрт құрлық чемпионатын алғаш рет қабылдайды
Байрақты бәсеке 9-14 ақпан аралығында «Алматы Арена» кешенінде өтеді.
-
Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттер басшыларымен бірге Ереванда Карен Демирчян атындағы спорттық-концерттік кешенде ұйымдастырылған COP17 қарсаңындағы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылу салтанатын тамашалады.
Іс-шара аясында мәртебелі меймандарға Жер ш
-
Павлодарда төрт оқушы белгісіз заттан уланып қалды
Сабақтан кейін төрт оқушының жағдайы нашарлап, дәрігерлерге жүгінген.
-
Павлодарда төрт оқушы белгісіз заттан уланып қалды
Сабақтан кейін төрт оқушының жағдайы нашарлап, дәрігерлерге жүгінген.
-
Көктайғақ болып, үсік жүреді: Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ел аумағының басым бөлігінде түнде және таңертең тұма түседі.
-
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Ереванға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Ереванға барды.
Мемлекет басшысын әуежайдан Армения Республикасы Үкіметінің ресми тұлғалары күтіп алды.
-
Варшава конференциясы: Қазақстан гендерлік теңдікті қамтамасыз ету реформаларының нәтижесін таныстырды
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің 56%-ын әйелдер құрайды, ал судьялар құрамында олардың үлесі жартысынан асады. Әйелдердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау бағытындағы реформалардың негізгі нәтижелері туралы Варшавада өткен ЕҚЫҰ-ның Адами өлшем жөніндегі конференциясының
-
Қарағанды облысында екі аптада 12 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырды
Қазан айының басынан бері өңірде маусымдық респираторлық инфекциялардың таралуына бақылау жүргізіліп келеді. Ауырғандардың басым бөлігі балалар. Осыған байланысты медицина мамандары тұрғындарды профилактикалық шараларды сақтауға және уақытылы вакцина алуға шақырады.
2026 жылғы 1-15 қазан аралығында
-
170 мың теңге пара үшін 5,5 млн теңге айыппұл: Ақтөбеде инспектор сотталды
Пара алған инспектор өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді
-
Конгода тырысқақ пен Эбола індеті өршіп барады
Конго Демократиялық Республикасында тырысқақ пен Эбола вирустарына байланысты эпидемиологиялық жағдай күрделеніп барады. Жыл басынан бері елде тырысқақ жұқтырғандар саны 51 мыңнан асып, шамамен 1 500 адам қайтыс болған.
Ауру жұқтырғандар саны дәрі-дәрмек пен ауызсудың тапшылығы аясында арты
-
Алматыда өкпеге робот көмегімен алғашқы онкологиялық операциялар жасалды
Алматы онкологиялық орталығында роботтандырылған хирургиялық жүйенің көмегімен өкпе қатерлі ісігіне қатысты алғашқы екі операция жасалды. Әрбір операция шамамен 2,5 сағатқа созылды.
Операциялар Алматы Онкологиялық орталығының хирургтарымен бірлесіп, Харбин медициналық университетінің онкологиялық а
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бакуде ұйымдастырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бе
-
Қазақстан мен Қытай цифрлық білім беру мен педагог даярлау бағытындағы байланысты күшейтеді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлиньмен кездесті. Тараптар білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, оқу процесін цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу және педагог кадрл
-
«Біз мұны жасадық!»: Бағдат Мусин талшықты-оптикалық байланыс желісін жүзеге асырған мамандарға алғыс айтты
«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин Қазақстан мен Әзербайжанды талшықты-оптикалық байланыс желісінің іске қосылуымен құттықтады.
Бүгін Елдеріміздің Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Каспий маңы суасты талшықты-оптикалық байланыс желісіне ресми түрде старт берді
-
Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту: Тараптар маңызды құжатқа қол қойды
Мемлекеттер басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Әзербайжан Үкіметтері арасында қол қойылған Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді алмасу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Құжат жаһандық көлік-логистика тізбегі өзгеріс
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президенттер Каспий теңізінің табаны арқылы Қазақстан мен Әзербайжанды жалғастыратын ұзындығы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байла
-
Бір аптада жол ережесін бұзуға қатысты 366 мың дерек тіркелді – ІІМ
ІІМ-де 2026 жылдың тоғыз айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы шығарылды. Профилактикалық және жедел шаралар кешенінің нәтижесінде елде тіркелген қылмыстар саны 15%-ға төмендеді.
Сонымен қатар қылмыстың барлық санаттары бойынша ашылу көрсеткіші артып келеді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамт
-
Бір видео - бір сапар: Тревел-контент Қазақстанға қызығушылықты қалай арттырады?
Әр өңірдің өз тарихы, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен адамдары бар. Осы ерекшеліктерді көрерменге қызықты жеткізіп, оның сол жерге баруға ықыласын ояту үшін қандай мазмұн қажет?
BAQ.KZ тілшісі «Саяхат Time» жобасының авторлары режиссер - Ернар Амалбек пен журналист Жазира Байдалымен сұхбаттасты.
-
Қазақстан мен Әзербайжан сауда айналымын 1 миллиард долларға жеткізуді көздейді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысуға шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтып, саммиттің
-
Қарағандының екі шағынауданы газға қосылуға жақын: 5 мыңнан астам үй қамтылады
«Күнгей» мен «Таугүлде» газ құбырларының 202 шақырымдық желісі тартылып жатыр. Жоба аяқталса, тұрғындар көмір жағудан бас тарта алады.
-
Қазақ киносы креативті индустрияның қозғаушы күшіне айнала ала ма?
Қазақ киносы мен креативті индустрияның дамуы жақсы идея мен талантты авторға ғана байланысты емес. Шығармашылық өнімнің көрерменін табуы, салынған қаржыны ақтауы және халықаралық нарыққа шығуы да маңызды.
BAQ.KZ-тің Astana Media Week аясындағы сұхбатында кинорежиссер, сценарист Жандос Құсайыновпен
-
ҰБТ-ның жаңа форматы әзірленіп жатыр: Қандай өзгерістер енгізіледі?
Қазақстанда талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлау, академиялық жазу және цифрлық сауаттылық дағдыларын да бағалауға бағытталған Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) жаңа форматы әзірленіп жатыр. Admission Insight Test (AIT) деп аталатын жоба 2030 жылға дейін жүзеге асырылады. Алғашқы пи
-
Қазақстан мұнай экспортының бағытын кеңейтеді
Қазақстан мен Әзербайжан мұнай тасымалын арттырудың ортақ жоспарын талқылады.
-
Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Каспий жасыл энергетикалық дәлізін құрады
Мемлекет басшысы Әзербайжан мен Арменияның бітімге келу процесіне қолдау білдіріп, Оңтүстік Кавказ тәжірибесі көреген көшбасшылықтың нәтижесін айқын көрсеткенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Ондаған жылдар бойғы қақтығыстардан кейінгі тараптардың ымыраға келуі жаңа пер
-
Президент АӨСШК-нің алтыншы өлшемі ретінде жасанды интеллектіні қосуды ұсынды
Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік мәселесі әрқашан АӨСШК қызметінің негізгі басымдықтарының бірі екенін еске салды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Біздің Ұйым дау-дамайды бейбіт жолмен реттеуге, қарусыздандыруға және бейбітшілікті нығайтуға айтарлықтай үлес қоса алады. Бүг
-
Тоқаев әлемдегі қауіпті үрдістерді атады: «Азияға мықты институттар қажет»
Президент АӨСШК саммитінде әлемдік қауіпсіздікке төнген қатерлерге тоқталды. Ол былтырғы қарулы қақтығыстар мен гуманитарлық дағдарыс туралы не айтты?
-
Ақмола облысында ұлын ұрған әке жазаланды: Сот қандай үкім шығарды?
Баласы әкесін кешіріп, жазаламауды сұраған. Алайда сот істі тоқтатудан бас тартып, ер адамға жаза тағайындады. Оның жазасы қандай болды?
-
«Үркер» ұлттық сыйлығы: El Sport жобасы үміткерлер қатарында
El.kz интернет-басылымының El Sport жобасы 2026 жылғы «Үркер» ұлттық сыйлығының «Үздік медиажоба» (YouTube, подкаст) аталымы бойынша үміткерлер қатарына енді. Қазақ тілінде жарық көретін спорттық сұхбат жобасын журналистер Мадина Асылбек пен Диана Орынбасар жүргізеді.
El Sport-тың алғашқы шығарылым
-
Көк-Жайлау курорты қашан ашылады және қанша турист қабылдайды?
Алматы маңындағы Көк-Жайлау заманауи, жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ретінде жоспарланып отыр. Жоба аясында 60 шақырымдық шаңғы трассаларын, аспалы жолдар жүйесін, жасанды қар өндіру инфрақұрылымын, қонақүйлер мен туристік нысандарды салу көзделген. Курортты 2028 жылғы желтоқсанда іске қосу жос
-
СҚО-да жантүршігерлік жол апаты: Балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты
Солтүстік Қазақстан облысында бес автокөліктің қатысуымен адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан үш әйел қаза тапты. Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, олар мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет еткен. Тағы екі адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Не
-
Павлодар мектебінде өткір иісі бар таблеткалар табылды: Төрт баланың денсаулығы нашарлады
Өткір иісті дәрілер: Павлодарлық оқушылар ауруханаға жүгінді.
-
Журналист пен баспасөз қызметі қоғам күткен жауапты бере алып жүр ме?
Қоғамның ақпаратқа сұранысын өтеуге не кедергі? Журналистер мен баспасөз қызметтері арасындағы байланысты қалай жақсартуға болады? Бұл сұрақтар Astana Media Week аясында BAQ.KZ алаңында өткен PR және медиа мамандары қауымдастығының төрағасы Ақерке Берлібаймен сұқбатқа арқау болды.
Әңгіме барысында
-
Жасанды интеллектіден журналистиканың болашағына дейін: Astana Media Week 2026 екінші күні қалай өтті?
Астанада мерейтойлық Astana Media Week 2026 медиаапталығы жалғасып жатыр. Форумның бірінші күнінде қатысушылар жасанды интеллектінің медиа саласына ықпалын, цифрлық қауіпсіздік пен аудитория сенімін талқыласа, екінші күні кәсіби этика, ақпараттық саясат, отандық контентті дамыту және медиа нарықтағы
-
«Олар бізге керек емес, бірақ біз оларға керекпіз»: Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-ші штаты ету идеясын қайта көтерді
Трамп Канадамен арадағы сауда саясатын қатаң сынға алды.
-
Ашық диалог және жаңа мүмкіндіктер: Astana Media Week-те не талқыланды?
Astana Media Week 2026 аясында мемлекеттік органдар мен БАҚ байланысы, журналистердің заң жобаларын талқылауға қатысуы және медиа саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
-
inDrive сапар бағасы тапсырыс бермей тұрып белгілі болатын «Бір басумен» тарифін іске қосты
Көлік және жеткізу қызметтердің жаһандық inDrive платформасы Қазақстанда «Бір басумен» тарифін іске қосты. Енді жолаушыға өз бағасын ұсынып, жүргізушінің келісімін немесе қарсы ұсынысын күтудің қажеті жоқ. Сапар құны нақты қаладағы бұрынғы сапарлар тарихының негізінде автоматты түрде есептеледі. Жол
-
Маңғыстауда 32 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған аурухананың бас есепшісі сотталды
Бюджет ақшасы бөтен шоттарға аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған. Сот бас есепшіге қандай жаза кесті?
-
Қазанда азаматтарға 112 мың теңгеге дейін ақшалай көмек беріледі
Ақтөбе облысында мүгедектігі бар адамдарға 112 мың теңгеге дейін көмек төленеді
-
«700 мың теңге бермесең, видеоңды таратамын»: Ақтөбеде бопсалаушылар ұсталды
Ақтөбе облысында тұрғындардан ақша бопсалағандар қолға түсті.
-
Қанат Ысқақов: Мемлекеттік органдардың спикерлер институтын күшейту қажет
Вице-министр мемлекеттік органдардағы ресми спикерлер институтын дамыту және БАҚ туралы заңды талқылауға журналистерді тарту мәселелеріне тоқталды.
-
Қарыз алушы қайтыс болса, ипотеканы кім төлейді? – Қаржы нарығын реттеу агенттігі түсіндірді
Мұрагерлер ипотеканы қалай және қанша көлемде төлейді?
-
Қазақстанның көлік логистикасына ақылды технологиялар енгізілуі мүмкін
Қытайдың Qianfang Group компаниясы Қазақстанда көлік пен логистиканы цифрландыру, ақылды көлік жүйелерін дамыту бағытында ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Бұл туралы компания өкілі Чжан Вэньюй «NEW SILK WAY» VIII халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумының кулуарында айтты, деп хабарлайды BAQ.
-
Журналистің жауапкершілігі қайда? Әділ Сейфуллин ақпарат таратудағы қателіктер туралы айтты
«Qazcontent» басшысы Әділ Сейфуллин қате ақпарат жариялаған БАҚ-тың жауапкершілігі мен журналистік этика мәселесін көтерді.
-
Пәкістанда мектептің төбесі ортасына түсіп, 17 бала мен бір мұғалім қаза тапты
Мектеп төбесінің опырылып түсу себебі әлі анықталған жоқ.
-
Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысының қоғам өкілдерімен кездесті
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық кеңестер мен жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Жиында мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты дамыту, жастарды қолдау және азаматтық бі
-
Алматыдағы оқушылардың улануы: Тағы үш бала ауруханаға жеткізілді
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде уланып қалған оқушылар саны 51-ге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді. Ол ауруханаға барып, балалардың жағдайын біліп қайтқан.
Алматыда улану белгілерімен ауруха
-
Қызылордада түрмеге гамбургермен насыбай өткізбек болды
Қызылордадағы №60 мекемеде сотталғанның інісі ағасына тыйым салынған зат жеткізудің амалын таппақ болған. Алайда жоспары жүзеге аспады.
-
Бельгия королінің тарихи сапары: Қазақстан үшін қандай жаңа мүмкіндіктер ашылады?
Бельгия Королі Филипптің Қазақстанға мемлекеттік сапары бельгиялық монархтың біздің елге ғана емес, бүкіл Орталық Азияға жасаған алғашқы сапары болды. Онымен бірге құрамына үкімет өкілдері, ірі бизнес пен алдыңғы қатарлы университеттердің басшылары кірген 110 адамнан тұратын делегация келді.
ҚР Пре
-
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесу өткізді
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесу өткізді.
-
Астанада жол жүру ақысы өзгереді: Жаңа тарифтер белгіленді
Автобуста жол жүрудің жаңа тарифтері: Қолма-қол және қолма-қолсыз төлем айырмашылығы.
-
Қазақстан мен Бельгия денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті нығайтады
Алматыда «Алматы декларациясына 50 жыл: болашақ ұрпақ үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қуатты жүйесін қалыптастыру» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Жиында Қазақстандағы алғашқы медициналық көмекті дамыту, отбасылық медицинаны жетілдіру және медициналық қызметтердің қолжетімді
-
Чехия Орта дәлізді цифрландыруға атсалысуға дайын
Чехия халықаралық көлік дәліздеріндегі бюрократиялық кедергілерді азайтып, жүк тасымалын жеделдету үшін жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды кеңінен қолдануды ұсынады. Елдің көлік министрі Иван Беднариктің айтуынша, Орта дәліздің бәсекеге қабілеттілігі инфрақұрылыммен қатар, жүктерді уақыты
-
Рэпер NAVAI есірткі контрабандасы ісі бойынша қамауға алынды
Қазақстан шекарасында есірткі контрабандасына күдікпен ұсталған ресейлік әнші тергеу аяқталғанша қамауда болады. Бұл туралы сот шешімі шықты.
-
Орта дәлізде жүк тасымалы қалай жылдамдайды? Түркия өз ұсынысын айтты
Түркия көлік саласында жасанды интеллектіні енгізіп, халықаралық жүк тасымалын цифрландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Елдің көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу Орта дәліз бойындағы мемлекеттердің ақпараттық жүйелерін ортақ стандарттар негізінде біріктіріп, бірыңғай цифрлық логистика
-
Алматыдағы құрылыс алаңынан шыққан жағымсыз иіс тұрғындардың мазасын қашырды
Алматыда тұрғындар Мұқанов көшесі, 235 мекенжайындағы «Весновка» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңынан үш аптадан бері өткір, улы заттарға ұқсас иіс шығып жатқанын айтып шағымданды. Тұрғындардың наразылығына Алматы аудандық әкімдігі жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тұрғындар үй ішінде де
-
Қала көз алдымызда дамып келеді: Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы несімен таңғалдырады?
Қазақстан соңғы жеті жылда 118,3 млн шаршы метр тұрғын үй салып, құрылыс қарқынын айтарлықтай арттырды. 2025 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 20,3 млн шаршы метрге жетіп, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Жаңа тұрғын үй кешендері мен ірі инфрақұрылымдық жобалар ел қалаларының келбетін өзгертіп
-
Қазақстанда Қашаған кен орнында екі газ өңдеу зауыты салынады
Олжас Бектенов Қатардың Power International Holding компаниясының басшылығымен бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады
-
Әуежайларда Қазақстанға жалған құжатпен кірмек болған 19 шетелдік анықталды
Астана мен Алматы әуежайларында шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған шетелдіктер ұсталды. Жыл басынан бері осындай 358 деректің жолы кесілген.
-
Қытайдан Еуропаға дейін: Қазақстан халықаралық жүк тасымалының цифрлық жүйесін біріктіруді ұсынды
Қазақстан Қытайдан Еуропаға дейінгі халықаралық көлік дәліздерінде деректер алмасудың ортақ стандарттарын енгізіп, электрондық құжаттарды өзара тануды ұсынады. Бұл жүк қозғалысын бақылауды жеңілдетіп, шекаралардағы рәсімдерді үйлестіруге және жеткізу мерзімінің болжамдылығын арттыруға мүмкіндік бере
-
Бектенов: Көлік инфрақұрылымы халықаралық сауданы кеңейтуге ықпал етеді
Астанада Қазақстанның көлік апталығы аясында көлік-логистика саласының әлеуетін ашу мәселелері талқыланды. Онда теміржол, автомобиль, теңіз және авиациялық көлікті дамытуға, цифрлық шешімдерді енгізуге, халықаралық жүк тасымалдарының тиімділігін арттыруға және салалық кадрларды даярлауға назар аудар
-
Қазақстан жүк тасымалындағы кідірістерді алдын ала болжау үшін жасанды интеллектіні қолданбақ
Қазақстан көлік саласындағы деректерді біріктіріп, жасанды интеллект көмегімен жүк тасымалындағы ықтимал кідірістерді алдын ала болжауды көздейді. Бұл инфрақұрылымды тиімді пайдалануға, тәуекелдерге уақытылы әрекет етуге және тасымал үдерістерін оңтайландыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ
-
Алматыда Медеу – Шымбұлақ жолы уақытша жабылады
19-22 қазан аралығында Медеу – Шымбұлақ жолы уақытша жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Медеу – Шымбұлақ автомобиль жолының «Горельник» визит-орталығы маңындағы бөлігінде диаметрі 1 және 1,5 метр болатын екі темірбетон су өткізу құбырын орнату жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыс жүргізілетін
-
Қазақстан көлік дәліздеріндегі кідірістің басты себебін атады
Қазақстан халықаралық жүк тасымалын жеделдету үшін құжат айналымын жеңілдетіп, көлік саласындағы деректерді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіруді көздейді. Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжановтың айтуынша, ендігі міндет – жолдар мен инфрақұрылымды дамытумен қатар, ақпарат алмасуға кететін уақытты қысқ
-
Алматыдағы адам өлімімен аяқталған жол апаты: 25 млн теңге өтемақы дауына кәсіпорын неге тартылды?
Екі жүргізуші кінәлі деп танылып, 25 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Алайда автобустың иесі жауапкершіліктен тыс қалған. Енді іс қайта қаралады.
-
Қазақстан қалалары жеті жылда қалай өзгерді?
Соңғы жеті жылда Қазақстанның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жаңа кезеңге өтті. Бұрын ірі қалалардағы құрылыс қарқыны мен жаңа нысандардың санына басымдық берілсе, бүгінде жаңғырту үдерісі облыс орталықтарын, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерді де кеңінен қамтып отыр. Мектептер, ме
-
ЖИ және көлік дәлізі: Астанада логистиканың болашағы талқыланып жатыр
Астанада Қазақстанның Көлік апталығы аясында «NEW SILK WAY» VIII халықаралық бизнес-форумы жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Форумда Еуразияның көлік дәліздерін дамыту, халықаралық жүк тасымалын оңтайландыру және логистикаға жасанды интеллект енгізу мәселелері талқыланып жатыр.
-
СҚО-да 48 жастағы әйелдің ішінен 10 келі ісік алынды
Солтүстік Қазақстанда дәрігерлер әйелдің құрсағынан 10 келілік ісікті алды.
48 жастағы науқас ішінде киста өсіп жатқаны жайлы бір жыл бұрын білген. Алайда оған аса мән бермесе керек. Уақыт өте келе оның ауруы дендеп, жағдайы нашарлай бастаған. Ізінше онкологиялық диспансерде операция жасалды. Дәріг
-
Рэпер NAVAI-дың Қазақстан шекарасында ұсталуына қатысты жаңа дерек шықты
Рэпер мінген көліктен 2,53 грамм марихуана табылған. Қордай бекетінде болған оқиғаға байланысты тағы екі адам ұсталып, қылмыстық іс тіркелді.
-
БҚО-да суару жүйесін салуға бөлінген 251 млн теңге субсидия жымқырылған
Суару жүйесін салуға бөлінген бюджет қаржысы жалған құжаттар арқылы алынған. 251 млн теңгенің бір бөлігіне күдікті не сатып алғаны белгілі болды.
-
FIFA футболды дамытуға 6,35 млрд доллар бөлуді жоспарлап отыр
Қаражаттың бір бөлігі 2026 жылғы әлем чемпионатынан түсетін табыс есебінен бөлінбек.
-
Құрық портындағы контейнерлік терминал желтоқсанда іске қосылады
Толық іске қосылған кезде нысанда 60 жаңа жұмыс орны ашылады.
-
Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуға, жолдар мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеуге кеңес береді.
-
Қатты нөсер салдарынан Ыстамбұл көшелерін су басты
Қолайсыз ауа райына байланысты қаладағы барлық білім беру мекемелерінде келесі күнгі сабақтар тоқтатылды.
-
Қазақстан спортында цифрлық өзгеріс: ЖИ талантты спортшыларды анықтай ала ма?
Қазақстанда спорт саласындағы деректерді бір жүйеге жинау, спорт ұйымдарының жұмысын автоматтандыру және жасанды интеллект технологияларын қолдану бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. E-Sport цифрлық платформасының алғашқы модульдері пилоттық режимде іске қосылған, ал AI Sport аясында спорт
-
Қазақстан Сингапурмен әуежайларды дамыту бойынша әріптестікті нығайтпақ
Сонымен қатар тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделі екенін растады.
-
Қазақстанда шетелдік емтихандар нәтижелерін қолдану мүмкіндігі кеңеюі мүмкін
Қазіргі қолданыстағы тәртіп бойынша SAT нәтижелері ACT, International Baccalaureate (IB), A Level, IELTS және TOEFL секілді халықаралық емтихандар мен бағдарламалардың нәтижелерімен қатар ҰБТ балдарына аударылады.
-
Ұлыбритания Украина үшін жаңа әскери технологияларды әзірлейді
Лондон британдық әскери жабдықтарды басқа серіктес елдер жеткізген техникаға бейімдеу жұмыстарын да жалғастырады.
-
Түркістанда Ясауи туралы ЖИ көмегімен әзірленген мультфильм таныстырылды
Көрсетілімнен кейін оқушылар ғұламаның өмірі мен іліміне қатысты сұрақтарға жауап беріп, фильмнен алған әсерлерімен бөлісті.
-
АҚШ-тың сегіз штаты ChatGPT балаларға зиян келтіреді деп OpenAI-ді сотқа берді
Ал келтірілген айыптаулар әзірге сот шешімімен расталған жоқ.
-
Жаңбыр, қар және көктайғақ: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығын ескеріп, сақтық шараларын ұстану ұсынылады.
-
Ормуз бұғазында төрт кемеге шабуыл жасалды: Біреуі суға батып кетті
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының мәлімдеуінше, кеме 2,5 мыңнан астам контейнер тасымалдаған.
-
Әлемде дизель отынының тапшылығы келесі жылға дейін сақталуы мүмкін
ХЭА мәліметінше, 2026 жылдың қыркүйегінде Таяу Шығыс пен Ресейден дизель отыны экспортының жиынтық көлемі тәулігіне 1,3 млн баррельге азайған.
Наверх