АҚШ Энергетика министрлігі Brent мұнайының 2027 жылғы бағасына болжамын көтерді

2027 жылы WTI бағасы 79,74 доллар деңгейінде болады деп болжанып отыр.

 pixabay 7 Қазан 2026, 02:35
7 Қазан 2026, 02:35
148
Фото: pixabay

АҚШ Энергетика министрлігінің Энергетикалық ақпарат басқармасы (EIA) мұнай бағасына қатысты болжамын жаңартты.

Ведомствоның мәліметінше, Brent мұнайының 2026 жылғы орташа бағасы барреліне 96,32 доллар болады деп күтілуде. Бұған дейінгі болжамда бұл көрсеткіш 91,01 доллар болған.

Ал 2027 жылға арналған болжам 83,74 долларға дейін көтерілді.

Сонымен қатар EIA АҚШ-тың WTI маркалы мұнайының бағасына да болжамын қайта қарады. 2026 жылы оның орташа бағасы 88,21 доллар болады деп күтілуде. Бұған дейін 84,65 доллар деп болжанған еді.

2027 жылы WTI бағасы 79,74 доллар деңгейінде болады деп болжанып отыр.

Наверх