Қазақстан дінаралық диалогта белсенді рөл атқара береді – Пашазаде

 ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов 7 Қазан 2026, 11:45
7 Қазан 2026, 11:45
162
Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Қазақстан дінаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға белсенді қатысуын жалғастырады. Бұл пікірді Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Шейх-уль-Ислам Аллахшүкір Паша-заде Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысында білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Пашазаде өз сөзінде Қазақстанның дамуына тоқталып, елге жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыруда табыс тіледі.

Қазақстан бұдан былай да діндер мен өркениеттер арасындағы диалогты дамытуда белсенді рөл атқара беретініне сенімдімін, – деді Аллахшүкір Паша-заде.

Ол сондай-ақ Съезд Хатшылығының жаңа басшысы Ерлан Қаринге сәлемін жолдап, жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар Паша-заде Хатшылықты алдыңғы жылдары басқарған Мәулен Әшімбаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің қорытындыларына да жеке тоқталды.

VIII Астана Съезінің табысты өтуі және біз қабылдаған Бейбітшілік декларациясының маңызы бізді алдағы жұмысты жалғастыруға шабыттандырады. IX Съезд адамзат үшін ең маңызды мәселелерді көтеріп, елеулі шешімдер қабылдайтынына сенімдімін. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі Хатшылық отырысының маңызы зор, – деді ол.

Пашазаде Қазақстанға дінаралық диалогты қолдағаны үшін алғыс білдіріп, түрлі діндер мен өркениеттер өкілдерінің өзара байланысына арналған халықаралық алаң ретіндегі елдің рөлін атап өтті.

Тағы оқи отырыңыз: «Қағидат іске аспаса, ол – кейінге қалдырылған уәде»: БҰҰ өкілі бейбітшілік туралы айтты 

Наверх