Депутат Татьяна Савельева Құрылтайдағы қызметін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов ОСК-ға 2026 жылғы 6 қазанда Құрылтай депутаты Татьяна Михайловна Савельевадан өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші келіп түскенін айтты.
Осыған орай, ҚР Конституциясының 55-бабына «ҚР Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 44-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде Татьяна Савельеваның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ОСК ұсыныс енгізеді, - деді ол.
Осылайша заңға сәйкес, Құрылтай депутаты Татьяна Михайловна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.