Все новости за 17 қазан 2026
-
-
Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты
Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында өз рекордын жаңартты
-
Хромтауда қоқыс жәшігін сындырған 26 жастағы тұрғын 10 тәулікке қамалды
Хромтау қаласында қоғамдық мүлікті қасақана бүлдірген тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 26 жастағы ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
-
Қазақстан күнбағыс майын экспорттаудан әлемдегі үздік 6 елдің қатарына енді
Қаңтар–тамыз айларында экспорттық түсім 48,5%-ға өсіп, 672,8 млн АҚШ долларына жетті.
-
Республика бойынша 2 орман өрті тіркелді
Өртті сөндіруге қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылды.
-
18 қазан күні ауа райы қандай болады
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығы күтіледі.
-
Мүфтият 2027 жылға арналған діни күндер кестесін жариялады
Құрбан айт мерекесі 16-18 мамыр аралығында аталып өтеді.
-
Түркістан облысындағы мақта зауытында 170 тонна мақта өртенді
Өрт 242 шаршы метр аумақты шарпыған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.
-
Алматыда медициналық анықтамаларды жалған беру деректері тексеріледі
Тексеру барысында заңбұзушылықтар расталса, уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайды.
-
Ақтауда гүл сататын павильонда екі кондиционер өртенді
Өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.
-
V Азия Пара ойындары қарсаңында Жапонияда Қазақстанның туы көтерілді
Қазақстанды V Азия Пара ойындарында 150 спортшы таныстырады. Жарыс 18–24 қазан аралығында Жапонияда өтеді.
-
Астанада мас ер адам әйелді жұмыс орнына дейін аңдыған: сот оны 10 тәулікке қамады
Ер адам мас күйде әйелді аялдамадан жұмыс орнына дейін аңдып, телефон нөмірін талап еткен.
-
Алматы облысындағы заңсыз қоқыс полигонында шыққан өрт толық сөндірілді
Өрт 850 шаршы метр аумақты шарпыды. Төтенше жағдайлар қызметі өртті толық сөндірді, зардап шеккендер жоқ.
-
Камбоджа Премьер-министрі Ақордада: кездесу барысы мен келіссөз қорытындылары
Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Келіссөздерде қандай мәселелер талқыланды, тараптар қандай уағдаластықтарға қол жеткізді және ресми кездесуден тыс қандай жайттар болды? Осы сұрақтарға BAQ.KZ тілшісінің м
-
Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын тағайындалғаннан кейін бес күн өткен соң жұмыстан шығарды
Кэти Захария алғашқы брифингінен кейін сынға ұшырады. Трамп оны жұмыстан шығарғанын жоққа шығарып, қызметте қалу туралы шешімін қайта қарауға кеңес берген.
-
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 103 млрд долларға жетті
-
Қырғызстанда валюта айырбастау кезінде клиенттерді тексеру талаптары күшейтілді
Қырғызстанда қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргізу тәртібі жаңартылды. Өзгерістер клиенттерді сәйкестендіру, құжаттарды тексеру және ірі көлемдегі валюта операцияларын бақылауға қатысты.
-
Тоқаев Пәкістанның үкімет басшысына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Пешавардағы қайғылы оқиғаға байланысты Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
-
Мексика жағалауында кеме апатқа ұшырап, 11 адам із-түзсіз жоғалып кетті
АҚШ жағалау күзеті 16 адамды құтқарды. Зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр, тағы 11 адам іздестіріліп жатыр.
-
Қазақстан мен Камбоджа алты бағытта ынтымақтастықты кеңейтеді: қандай құжаттарға қол қойылды?
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манеттің қатысуымен цифрлық үкімет, сауда, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық және Астана мен Пномпень арасында бауырластық байланыс орнату жөніндегі алты құжат алмасылды.
-
Қазақстан мен Камбоджа азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы саласында әріптестікті күшейтеді
Хун Манет екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға, ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін айтты.
-
Тоқаев Камбоджамен ЖИ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды
Мемлекет басшысы Қазақстанның цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін таныстырып, жоғары технологиялар бағытындағы әріптестікті дамытуға әлеует мол екенін айтты.
-
Тоқаев пен Хун Манет келісімдерге қол қояды: Қазақстан мен Камбоджа ынтымақтастығы кеңейеді
Екі елдің дипломатиялық байланысына биыл 32 жыл толды. Келіссөздерде саяси диалогты, сауда-экономикалық байланыстарды және халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
-
Қазақстандық суретші-аниматор Алтынбек Өмірзақов өмірден өтті
Ол ұлттық анимацияны дамытуға және жас мамандарды даярлауға өмірін арнады.
-
80 жылдық тарих пен жаңа міндеттер: Қазақстан ғылымы қай бағытта дамып жатыр?
Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
1946 жылы Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен құрылған академияның 80 жылдық тарихы отандық ғылымның қалыптасуы мен дамуын, ж
-
Республика күніне орай Қазақстанда ауқымды жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар өтеді
17–27 қазан аралығында еліміздегі сауда орындарында тауарларға 10%-дан 50%-ға дейін жеңілдік жасалады.
-
Камбоджа Қазақстанның электронды үкімет саласындағы тәжірибесін зерделеуге ниетті
Хун Манет Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде энергетика саласындағы ықпалдастықты тереңдету және екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелерін көтерді.
-
Тоқаев Камбоджамен тікелей әуе қатынасын ашуды ұсынды
Қазақстан Президенті Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетпен келіссөзде сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселесін көтерді.
-
120-дан астам іс-шара: Астанада Республика күні қалай атап өтіледі
Республика күніне орай елордада 120-дан астам іс-шара өтеді. Бағдарламада концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар, жаңа нысандардың ашылуы және ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі бар.
-
Ақордада Камбоджа премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімде екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.
-
Екі бала тірідей өртеніп кетті: Ақтөбе облысында жанармай бекетінің иесі сотталды
Газ баллоны жарылып, анасы мен 10 және 6 жастағы екі қызы қаза тапқан.
-
Санкт-Петербургте маймыл шешегіне күдікпен бес адам ауруханаға жатқызылды
Науқастар дәрігерлердің бақылауында. Мамандар санитариялық-эпидемиологиялық тексеруді бастап, дезинфекция жүргізуге нұсқама берді.
-
Ормуз бұғазында 2 млн баррель мұнай тасымалдаған танкер жарылып, өртенді
Иран тарапының мәліметінше, танкер келісілмеген бағытпен жүріп, бақылау жүйесін өшірген.
-
Омбыда 37 мың қорап темекі тасымалдаған қазақстандық жүргізуші ұсталды
Тәркіленген 37 210 қорап темекінің құны 30 миллион теңгеге жуық. Күдікті үйқамаққа алынды.
-
Италияның түкпір-түкпірінде студенттер жаппай наразылыққа шықты
Италияда 400 мыңнан астам адам наразылыққа шығып, шерулер кезінде полициямен қақтығыс болды. 17 қазанда жаңа акциялар өтеді деп күтілуде.
-
Ақмола облысынан Шығыс Қазақстанға дейін: «Әділет» партиясы ауқымды экологиялық акцияны қорытындылады
«Әділет» партиясының жастар қанаты Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық road-эстафетасын қорытындылады. 13-16 қазан аралығында белсенділер Ақмола, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын жүріп өтіп, шамамен 1 800 шақырым аумақты тазалады. Төрт күнде 150 тоннадан астам қоқыс
-
Қазақстандықтарға скрининг пен вакцинация туралы 1414 нөмірінен хабарлама келед
1414 нөмірінен келетін хабарламалар азаматтарға скринингтен өту керегін ескертіп, салынған екпелер туралы ақпарат береді.
-
Қазақстанда машина жасау саласына 83,4 млрд теңге инвестиция салынды
Қазір жалпы инвестиция көлемі 167,7 млрд теңгеден асатын 11 жоба аяқталуға жақын.
-
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер мұндай жағдайда тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартып, жолдар мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеуге кеңес береді.
-
Алматы облысында заңсыз қоқыс полигоны өртенді
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, су үздіксіз беріліп жатыр.
-
Қазақстан мен Беларусь спорт саласындағы байланысты нығайтуға келісті
Тараптар екі елдің ұлттық олимпиадалық комитеттері арасындағы ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
-
Қостанай облысында 43 шақырым республикалық жол жөнделді
Жөндеу жұмыстарына 31 бірлік техника мен 36 маман жұмылдырылды.
-
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Республика бойынша жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал.
-
АҚШ пен Ливан арасындағы тікелей рейстерді қайта бастау жоспары кідірді
АҚШ президенті Дональд Трамп шілде айында тікелей рейстерді қайта бастау жоспарын жариялап, өткен айда тиісті жарлыққа қол қойған.
-
Алматыда күдік тудырған затты тастап қашқан ер адам ұсталды
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам тастап кеткен заттың ішінен майлы сұйықтық табылған.
-
Қазақстанда бір күнде екі орман өрті тіркелді
Тиісті қызметтер азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
-
Германияда балаларға арналған зейнетақы жинақтау бағдарламасы мақұлданды
Қатысушылар 25 жасқа толғанға дейін жиналған қаражатты өздерінің бекітілген зейнетақы шартына аудара алады.
-
Еуропада автокөлік шығарындыларына қойылатын талаптарды жеңілдету ұсынылды
Франция мен Германияның жоспары күшіне енуі үшін ЕО-ға мүше басқа мемлекеттер мен Еуропарламенттің қолдауы қажет.
-
«Украина өзін-өзі қорғауға құқылы»: Зеленский Трамптың сынынан кейін мәлімдеме жасады
Брюссельде өткен Еуропалық одақ саммитінде Зеленский АҚШ пен Ресей арасындағы дизель отынын жеткізу туралы келісімді қабылдай алмайтынын мәлімдеді.
Наверх