Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаты Советбек Рустамбек уулу кәмелетке толмағандар өз жасы туралы ер адамдарды қасақана жаңылыстырған жағдайларда жауапкершілікті қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Kaktus.media-ға сілтеме жасап.
7 қазанда парламент отырысында сөйлеген ол 16 жастағы қыздардың өзін кәмелетке толғандар ретінде көрсететін жағдайлар болатынын мәлімдеді.
«Егер жігіттердің арнайы «қақпанға түсірілгені» анықталса, қыздарды да жауапкершілікке тарту керек. Мұндай заң жобасын әзірлеу қажет», – деді депутат.
Оның айтуынша, мұндай мән-жайларды осындай істерді қарау кезінде міндетті түрде ескеру қажет.
Әзірге тек депутаттың бастамасы туралы айтылуда. Жауапкершіліктің нақты механизмі бар жеке заң жобасы әлі ұсынылған жоқ.
Тағы оқи отырыңыз:
Санкциялар Қырғызстандағы жүздеген бизнес-шотқа соққы жасады
Қырғызстан алғашқы ұлттық спутнигін ұшыруға дайындалуда: Жапаров SpaceX компаниясында болды
Қырғызстандағы президент сайлауы: Садыр Жапаров жаңа жарлыққа қол қойды