Астанада оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде және таңертең кей уақыттарда жел 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола облысында оңтүстік-батыс және батыс желі 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең кей уақыттарда желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні 15-20 м/с болады. Көкшетауда жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Батысы мен солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Батыс желі 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде облыстың батысы, оңтүстігі мен шығысында, күндіз жел екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
Павлодар облысында оңтүстік-батыс желі 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Павлодарда желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Батысы, солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыс желінің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Қарағандыда күндіз жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстігі, шығысы мен орталығында оңтүстік-батыс желінің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Батысы, оңтүстігі және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетіп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде жаңбыр аралас қар, көктайғақ күтіледі. Күндіз шығысында және таулы аймақтарында жаңбыр аралас қар жауады. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыс желі 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз де жел 15-20 м/с болады, батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Өскеменде жел 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с болады.
Абай облысында оңтүстік және оңтүстік-батыс желі 15-20 м/с болады. Күндіз батысында, солтүстігі мен орталығында жел екпіні 23-28 м/с-қа, кей жерлерде 30 м/с және одан да жоғары деңгейге жетеді. Семейде жел 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы облысының таулы аудандарында түнде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде түнде ауа температурасы 1 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Тауларда оңтүстік-батыс желінің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде күндіз оңтүстік-батыс желінің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде таулы аймақтарда топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында күндіз оңтүстік-батыс желінің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі, солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында батыс және солтүстік-батыс желі соғады. Солтүстігі мен орталығында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Шығысында жоғары, ал батысы, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде батыс желінің екпіні 15-18 м/с болады.
Атырау облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталса, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Атырауда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Батысы, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.