«Лукойл» Қазақстандағы жұмысын жалғастырады: Тоқаевқа жоспар таныстырылды

Президент Вагит Алекперовпен кездесіп, мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды одан әрі дамыту мәселесін талқылады.

7 Қазан 2026, 16:28
АВТОР
 Ақорданың баспасөз қызметі 7 Қазан 2026, 16:28
7 Қазан 2026, 16:28
134
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің қорытындылары және таяу жылдарға арналған жоспары таныстырылды, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Кездесуде мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалар аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайы талқыланды.

Еске салсақ, бұған дейін Ақордада Президент Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарвармен кездесті. Белгілі болғандай, Қазақстанда 500-ден астам британ компаниясы жұмыс істейді. Президент серіктестікті кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін талқылады.

Наверх