Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

Мемлекет басшысы Авазада өтетін халықаралық іс-шараларға қатысады.

 Ақорда 7 Қазан 2026, 23:04
7 Қазан 2026, 23:04
169
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Әуежайда Қазақстан Президентін Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен 8-9 қазан күндері Авазаға жұмыс сапарымен баратыны хабарланған болатын.

Наверх