Халықаралық санкциялар Қырғызстан билігін халықаралық шектеулерді айналып өтті деген күдікке ілінген тағы 30-дан астам (шамамен 35) компанияны жоюды бастауға мәжбүр етті, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kg-ға сілтеме жасап.
Шешімді Қырғызстан Президентінің ерекше тапсырмалар жөніндегі арнайы өкілі Бақыт Сыдыков өткізген ведомствоаралық жұмыс тобы қабылдады.
Компаниялар халықаралық санкцияларды айналып өту белгілері бар операциялар жүргізген болуы мүмкін. Экономика және коммерция министрлігі Әділет министрлігіне оларды мәжбүрлеп таратуды бастау туралы өтініш жолдады.
Қырғызстан билігі мұндай тексеруді бірінші рет өткізіп отырған жоқ. Шілде айының соңында олар «Шисан», «Рама Групп» және «Нова Проект» компанияларын жауып, бір криптокомпанияның лицензиясын кері қайтарып алды.
Тамыз айында жұмыс тобы тексерілген 40-қа жуық ұйымның ішінен жоюға жататын тағы 19 ұйымды іріктеп алды. 2 қазандағы жағдай бойынша 16 компанияға қатысты материалдар сотқа берілді.
Қаржы ұйымдары да клиенттерді тексеруді күшейтті. «Элдик Банкте» шамамен 126 компанияның, «АБанкте» – 100-ге жуық компанияның шоттары жабылды.
Билік екінші реттегі санкциялар қаупін азайтуды және бизнес елдің банк және сыртқы экономикалық жүйелерін шектеулерді айналып өту үшін пайдалануына жол бермеуді көздейді.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Иранмен мәміле жасайтын шетелдік қаржы институттарына санкция салуы мүмкін екені хабарланды.