Все новости за 4 қараша 2026
-
-
Ақтөбеде жеңіл автокөлік өртенді
-
Астанада «Кітап оқитын ұлт» марафонының нәтижелері талқыланды
Бүгінге дейін марафон аясында 120 мың адамды қамтыған 3 мыңға жуық іс-шара өткізілген.
-
Алматыда полиция қызметкерлеріне күш көрсеткен күдікті ұсталды
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
-
Мемлекет басшысы Нұрлан Өнербаевты 65 жасқа толуымен құттықтады
Құттықтау хатында Президент өнер иесінің ұлттық мәдениет пен өнерді дамытуға, музыкалық мұраны дәріптеуге қосқан үлесін атап өтті.
-
Астаналық пара спортшылар қол күрестен әлем чемпионатында 7 медаль жеңіп алды
Байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшылары 2 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль иеленді.
-
Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Бұл – Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.
-
Оралда жасөспірімдер жүріп бара жатқан автобустың артына жармасты: Ата-аналары жазаланды
8-9-сынып оқушылары автобустың артқы бөлігіне жабысып, қауіпті әрекетке барған. Олардың бұл қылығы ата-аналарына қалай әсер етті?
-
Қазақстанда жыл соңына дейін төрт автожол ашылады: Қай бағыттар жаңарады?
Үкімет төрт ірі жол жобасын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Ал жаңа магистраль іске қосылса, жүк жеткізу мерзімі үш күнге дейін қысқаруы мүмкін.
-
Ауылдағы интернет жылдамдығы артады: Қазақстанда мыңнан астам елді мекен қамтылады
«Қазақтелеком» мен жергілікті операторлар бірлесіп жаңа желілерді іске қоспақ. Бұл ауыл тұрғындарының оқуына, жұмысына және кәсіп жүргізуіне қалай әсер етеді?
-
Қазақстан шекарасындағы 37 өткізу пункті жаңартылады: Жұмысты аяқтау мерзімі аталды
Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін 37 автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар шекарадағы өткізу қабілетін арттырып, жүк тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің бі
-
Францияда қан қызметінің қоймаларындағы салқындату жүйесіне кибершабуыл жасалды
Францияда бірнеше қан сақтайтын банкке бағытталған кибершабуылдың жолы кесілді. Бұл туралы Францияның қан қызметі (EFS) мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиға салдарынан адам денсаулығына зиян келген жоқ және қан препараттары жоғалмаған.
Мониторинг және ескерту жүйелері қалыптан тыс
-
Бала құқықтары мен кибербуллинг: Павлодарда отбасылар ерекше сайысқа түсті
Павлодарлық оқушылар мен ата-аналар заң мен тәртіп тақырыбында зияткерлік сайысқа қатысты. Бес кезеңнен тұратын бәсекеде үздік шыққан кімдер?
-
Баянауылда тікұшаққа оқ атылған: Әуе кемесінен қандай зақым анықталды?
«Қазавиаорманқорғау» тікұшағынан зақым анықталған. Оқиғаға қатысты материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Алайда жағдайдың мән-жайы әзірге белгісіз.
-
Астана-Петропавл жолындағы апат: Комаға түскен полиция қызметкері қайтыс болды
Астана – Петропавл тасжолында болған ауыр жол-көлік оқиғасынан кейін комаға түскен 35 жастағы полицей қайтыс болды. Зардап шегуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, оған операция жасалған. Бірақ оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқ
-
Астанаға екі елдің көшбасшысы келеді: Қарашада Қазақстанда қандай маңызды жиын өтеді?
Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті ресми сапармен келеді. Ал 6 қарашада елордада халықаралық деңгейдегі маңызды кездесу өтпек.
-
Қазақстанда ұлттық жүк әуе тасымалдаушысы құрылды
Елімізде әуе кемелерінің паркін 10 ұшаққа дейін ұлғайтуды көздейтін ұлттық жүк әуе тасымалдаушысы дамытылуда. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елімізде ұлттық жүк әуе тасымалдаушысы – «Эйр-Карго» компаниясы құрылды. Алдағы уақытта оның әуе кемелері паркін 10 ұшаққа
-
Текеліде 11 жастағы қыз экскаватордың астында қалып қаза тапты
Текеліде экскаватор қаққан мектеп оқушысы көз жұмды.
-
200 млн теңге өндірілді: Атырауда алимент төлемеген 154 адам жауапқа тартылды
Атырау облысының прокуратурасы алимент бойынша берешекті өндіріп алу шараларын күшейтті.
Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарғаны үшін 138 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды, тағы 16 жағдайда іс қылмыстық қудалауға дейін жетті. Жауапқа тартылғандар арасында жолаушы тасымалымен айналысқа
-
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Жолдауды талқылады. Кездесуде не айтылды?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында қуатты экономикасы мен дамыған технологиясы бар ел қалыптастыру міндетін атап өтті. Осы бағытта жастарға қандай мүмкіндік бар? Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен кездесуінде осы мәлелелерді талқылады, деп хабарла
-
Қазақстандықтардың БАӘ-де демалуға сұранысы 86 пайызға төмендеді: Дубай турларының бағасы қаншадан?
Қазақстандықтар арасында Біріккен Араб Әмірліктеріне ұйымдастырылған турларға сұраныс 86 пайызға азайған. «Туристік Қамқор» қорының мәліметінше, салыстырмалы кезеңдерде туристер саны 158 мыңнан 22 мың адамға дейін қысқарған. Дегенмен туроператорлар сатылым біртіндеп қалпына келе бастағанын айтады.
-
Әлемдік білім рейтингінде Қазақстан нешінші орында? Оқушыларымыздың қай көрсеткіші таңғалдырды?
Халықаралық зерттеу қазақстандық оқушылардың еңбекке, білімге және мұғалім қолдауына қатысты көзқарасын анықтады. Кей көрсеткіштер ЭЫДҰ орташа деңгейінен жоғары.
-
100 миллион теңгенің «олжасы»: Шекарашылар Қызыл кітапқа енген 11 сұңқарды заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті
Қызыл кітапқа енген сұңқарларды заңсыз әкету әрекеті анықталды.
-
Алматыдағы ескі үйлер: Баспанаңыз сүрілетінін қалай білуге болады?
Алматыда тұрғын үй қорын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Қаладағы ондаған жыл бұрын салынған, тозығы жеткен ғимараттардың орнына жаңа үйлер тұрғызу жоспарланған. Жалпы реновация бағдарламасы бойынша 2030 жылға дейін 676 үйді бұзып, шамамен 7500 меншік иесін жаңа баспанаға көшіру
-
Астанадағы «ЦОН-нан» табылған сөмкеге қатысты полиция түсініктеме берді
Полиция тексеру жүргізіп, сөмкенің ішінде күмәнді заттар болмағанын анықтады.
-
Патрульдік көлікте отырып, терезеден түкірген полицей жауапқа тартылды
Көлікте отырып, терезеден түкірген полицей жазаланды.
-
8,5 млрд теңге игерілмей қалды: Депутат өтемақы төлеу тәртібін өзгертуді ұсынды
Қорда 8,5 млрд теңге қалса да, сегіз жылда жәбірленушілерге 855 млн теңгеден сәл асатын өтемақы төленген.
-
«Ұлттық мүдде бірінші кезекте ескеріледі»: Нәлібаев Қазақстандағы шетелдік компаниялардың қызметі туралы айтты
Шетелдік инвесторлармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Қазақстанның ұлттық мүддесі бірінші кезекте ескеріледі.
-
Ұлттық қордың қаржысы халыққа қалай қайтуы керек? – экономист пікірі
2029 жылға дейін Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге қарастырылған. Алғашқы кезеңде 1,5 трлн теңге жұмсалып, қалған қаражат бірнеше жыл ішінде кезең-кезеңімен бағытталмақ. «Халықтық құрылыс» аясында қандай нысандарға басымдық берілуі керек және бөлінген қаржының тиімді
-
Білім беруден сыртқы саясатқа дейін: Тоқаевтың кітабы қазақстандықтарды несімен қызықтырды?
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітабынан алған әсерлерімен бөлісуде.
-
Қазақстанда қанша адам үй кезегінде тұр?
Министр «Отбасы банкінің» ресми деректерін келтірді.
-
Қар, жаңбыр, көктайғақ: Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 5-7 қарашаға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды.
Жауын-шашынсыз ауа райын сақтап тұрған антициклон Қазақстан аумағынан жылжып кетеді. Оның орнына солтүстік циклонның терең ойысы келеді. Алдағы үш күнде ол алдымен еліміздің батысында,
-
Депутат: Қазақстанда жерасты су қорының небәрі 3,5 пайызы ғана пайдаланылып отыр
Бота Елеусізова 2256 ұңғыманы ретке келтіріп, су ресурстарын цифрлық бақылауға алуды ұсынды.
-
Қазақстанның 1978 жылғы тарихи қадамы: БҰҰ өкілі маңызды деректі еске алды
Қазақстанның халықаралық аренадағы орны мен басқа елдермен мәдени байланысы бірнеше тарихи оқиғамен тығыз байланысты. 1978 жылы Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы алғашқы халықаралық көпжақты конференция өтіп, Үндістанның Керала штатымен бауырластық қарым-қатынас орнатылған. Бұл туралы БҰҰ-ның
-
СҚО-да әкімдік қызметкері хат қалдырып, өзіне қол жұмсамақ болды: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға орнынан сірке қышқылы мен хат табылды.
-
Ұрпаққа қалатын құнды мұра: Президент «Халықтық құрылыс» туралы айтты
Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады.
-
Астанадағы «ЦОН» аумағы қоршауға алынып, адамдар шұғыл сыртқа шығарылды: Не болды?
Елордадағы ХҚКО-лардың бірінің маңы күтпеген жерден қоршауға алынды. Оқиға орнына полиция не себепті жұмылдырылды? Сөмкенің ішінде не бар?
-
Іле-Балқаштағы жолбарыстар ауылдарға шабуыл жасауы мүмкін бе? – Министр жауап берді
Жыртқыш белгіленген аумақтан шықса, тұрғындарға SMS-хабарлама жіберіліп, арнайы топ оны қорықтың негізгі бөлігіне қайтару шараларын қолға алады.
-
Қазақстанда үш жаңа әуежай салуға 226 млрд теңге жұмсалады
Қазақстанның туристік аймақтарында салынып жатқан үш жаңа әуежайдың құрылысына шамамен 226 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, қазір Шығыс Қазақстан обл
-
Қазақстанға тағы 500 млн доллар қажет: Үкімет қаражатты қайдан алады?
Бюджет тапшылығын жабу үшін тартылатын қаражат жол инфрақұрылымы мен денсаулық сақтау салаларын қаржыландыруға бағытталады.
-
Үміт пен Амур: Жолбарыстар ашық далаға қалай бейімделіп жатыр?
2027 жылдың көктемі мен жазында жолбарыстың екі күшігі – Тұран мен Үсуриді табиғи ортаға жіберу жоспарланып отыр.
-
Екінші АЭС құрылысы Қытаймен талқыланып жатыр – Энергетика министрі
Қазақстанда салынатын алғашқы екі атом электр станциясының құрылысымен айналысатын серіктестер белгілі болды. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, алғашқы АЭС құрылысына ресейлік «Росатом» консорциумы
-
«Жаңа тарихи кезең басталды»: Құрылтай қазақстандықтарға үндеу жасады
Депутат Айдос Сарым Президент Жолдауындағы басымдықтарды атап өтіп, қазақстандықтарды ел болашағы жолында бірлік пен ортақ іске жұмылуға шақырды.
-
Қазақстанда жыл соңына қарай автокөлік бағасы арзандауы мүмкін
Қазақстанда 2026 жылдың соңына қарай автокөлік бағасы төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, елімізде автокөлік өндірісі жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2025 жылы
-
Дүкен мен дәріхана – қауіпсіз пана: Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрестің жаңа тәсілін ұсынды
Депутат жобаны Астана, Көкшетау және Теміртауда іске қосуды ұсынып, оны FSM Social цифрлық платформасына қосуды талап етті.
-
Қазақстанның 51 университеті Азияның үздік оқу орындары рейтингіне енді. Қандай ЖОО алға шықты?
QS Asia 2027: Қазақстанның үш университеті Азияның үздік 100-дігіне енді.
-
Қазақстан әлемдегі қақтығыстарды тоқтатуға қалай үлес қоса алады? АҚШ деканының пікірі
Орталық Азия, соның ішінде Қазақстан, халықаралық қақтығыстарды реттеу мен жаһандық бейбітшілікті нығайтуда маңызды рөл атқара алады. Өйткені өңір елдері түрлі геосаяси мүдделер тоғысқан аймақта орналасқан және мемлекеттер арасындағы байланысты сақтап, ортақ шешім табу тәжірибесіне ие. Бұл туралы Дж
-
Қарашада Алматыдан Токиоға тікелей әуе рейсі ашылады – Нәлібаев
Қазақстан мен Жапония арасында жаңа әуе қатынасы іске қосылады. 30 қарашада Алматы–Токио бағытында алғашқы әуе рейсі орындалады. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімет үйінде Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қаза
-
6,5 трлн теңге қайда жұмсалады? Үкімет ауқымды құрылыс жоспарын жариялады
Қазақстанда Инфрақұрылымды дамыту қоры аясында жалпы құны 1,5 трлн теңгеге 262 жоба мақұлданды. Оның ішінде 122 жобаны іске асыруға 497 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімет үйінде Мемлекет басшысының
-
Қазақстанда мұнай өндіру көлемі төмендеді – Нәлібаев себебін түсіндірді
Қазақстанда биыл мұнай мен газ өндіру көлемі төмендеген. Бұған Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдар мен Теңіз кен орнындағы өрт әсер еткен. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның
-
Құрылтайда экономиканың нақты секторын цифрландыру мәселелері талқыланады
Оны өткізу үшін 19 депутаттан тұратын арнайы комиссия құрылды.
-
Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады
Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.
-
Қазақстан БҰҰ-ның үздік 10 елінің қатарында енді: Еліміз АҚШ пен Нидерландыны қалай басып озды?
Қазақстан тозған жерлерді қалпына келтіру аумағы бойынша әлемде үшінші орынға шықты. Бұл – 8,13 млн гектар немесе ел аумағының 3%-ы. Көрсеткіш тек Қытай мен Моңғолияда ғана жоғары. Бұл деректер БҰҰ-ның табиғатты қалпына келтіру туралы алғашқы әлемдік баяндамасында келтірілген.
Сонымен қатар Қазақст
-
Қазақстан жасанды интеллектіні басқару жөніндегі халықаралық орталыққа айналуы мүмкін – Оксфорд сарапшысы
Қазақстан жасанды интеллектіні басқару, климат пен су қауіпсіздігі және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша әлемдік орталықтардың біріне айнала алады. Оксфорд университеті Мартин мектебінің Жасанды интеллект саясаты жөніндегі бастамасының аға кеңесшісі Сэм Доус Алматыда БҰҰ университетінің
-
Қазақстан Азия даму банкінен 3,4 млрд юань қарыз алады
Қарыз 15 жылға беріледі, оның ішінде үш жыл жеңілдік кезеңі қарастырылған. Қаражат мемлекеттің басым әлеуметтік-экономикалық міндеттерін қаржыландыруға жұмсалады.
-
Көлік министрі қызметіне кіріскен Әсел Жанасова алғашқы мәлімдемесін жасады
Қазақстанның жаңа Премьер-министрінің орынбасары – Көлік министрі Әсел Жанасова қызметіне тағайындалғаннан кейін алғашқы мәлімдемесін жасады. Ол Instagram парақшасында ведомство жұмысының басым бағыттарын атап өтті. Олардың қатарында халықаралық көлік дәліздерін дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, авто
-
Жаңа заң: Қазақстанда тағы бір мамандық иелерінің жалақысы өседі
Заң жобасында ветеринария саласы мамандарының еңбекақысын кемінде 420 мың теңгеге дейін көтеру көзделіп отыр.
-
Астанада балабақша тәрбиеленушісін темір орындықпен ұрған: Полиция тергеуді бастады
Астанадағы жеке балабақшада баланың соққыға жығылғаны туралы анасының шағымынан кейін полиция тергеу жұмыстарын бастады. Анасының айтуынша, топтағы басқа тәрбиеленуші оның ұлын темір орындықпен бірнеше рет ұрған.
Halyqstan-ның мәліметінше, оқиға 15 қазанда болған. Әйелдің айтуынша, орынды
-
Ветеринарларға екі айлық жалақы көлемінде сауықтыру жәрдемақысы төленуі мүмкін
Құрылтай отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралып жатыр.
-
Мұнай бағасы төмендеуін жалғастыруда: Brent пен WTI құны қанша?
Қарашаның 4-і күні таңертең әлемдік мұнай бағасы төмендеуін жалғастыруда. Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 103,51 доллар болса, америкалық WTI маркасы 95.21 долларға саудаланып жатыр.
Биржалық котировкаларға сәйкес, қаңтар айындағы Brent мұнай фьючерстері 0,09%-ға арзандады. Сауда барысында бағ
-
Қазақстанда интернет-казино құрған екі шетелдікке іздеу жарияланды
Қаржылық мониторинг агенттігі 1985 жылы 8 ақпан күні туған Ресей Федерациясының азаматы Дмитрий Пунин мен 1989 жылы 11 ақпан күні туған Украина азаматшасы Марина Ильинаға іздеу жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар қазақстандық қолданушыларға бағытталған Pinco және Pin-Up интернет-казиноларының за
-
Прокуратураның араласуымен 3,5 млрд теңгелік инвестициялық жобаның мәселесі шешілді
Ақтөбе қаласында инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда.Құны 3,5 млрд теңгені құрайтын «KAMAZ» мультибрендті сервистік орталығының құрылысын сүйемелдеу барысында нысанды электр желілеріне қосу мәселесі анықталды.
Бастапқыда берілген техникалық
-
«Сотта тамыр-танысым бар»: Астанада пара беремін деп алаяққа алданған азаматтың ісі қаралды
ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі: Аса ірі мөлшердегі алаяқтық және оның құқықтық салдары.
-
Павлодар ЖЭО-3-те үш қазандық пен екі турбоагрегат күрделі жөндеуден өтті
Қазіргі уақытта станцияда бес қазандық агрегат пен бес турбоагрегат жұмыс істеп тұр.
-
Қазақстанда күшті әсер ететін препараттарды таратқан екі топ ұсталды
Қазіргі уақытта екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
-
Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Осыған байланысты тұрғындарға ашық ауадағы ұзақ серуеннен бас тарту ұсынылады.
-
Қазақстанда экология мен қауіпсіздікке бағытталған 30 волонтерлік жоба іске асты
Бастамалар Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
-
Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр
Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Жаңа жүйені қашан сынақтан өткізеді
-
Атырау облысында балық өндірісін дамытуға 25 млрд теңге бағытталады
Ірі жобалардың бірі – Құрманғазы ауданындағы «Шортанбай» балық өңдеу зауытын жаңғырту.
-
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде жаңбыр мен қар жауып, күндіз жаңбыр жауады.
-
Гренландия парламенті АҚШ-пен қауіпсіздік келісімін мақұлдады
АҚШ, Гренландия және Дания арасындағы келісімге 22 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылған.
-
Түркия мен Өзбекстан ауаның ластануын азайту шараларын қолға алды
Осыған байланысты Өзбекстанда 2026-2030 жылдарға арналған «Таза ауа» ұлттық бағдарламасы іске қосылды.
-
Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздер әзірге нәтиже бермей отыр
Келіссөздер аясында әскери шиеленіс те жалғасып отыр.
-
Астанада 16 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
-
Binance-ке жасалған шабуыл: Солтүстік Корея тағылған айыпты теріске шығарды
Binance өкілдерінің мәліметінше, компания шабуылдан келген шығынды толық өтеуге міндеттеме алған.
-
Үндістанның шығыс жағалауына «Мурасу» циклоны соқты
Қауіптің алдын алу мақсатында жергілікті билік дүйсенбіден бастап тұрғындарды эвакуациялауға кіріскен.
Наверх