Астанада «Кітап оқитын ұлт» марафонының нәтижелері талқыланды

Бүгінге дейін марафон аясында 120 мың адамды қамтыған 3 мыңға жуық іс-шара өткізілген.

4 Қараша 2026, 23:27
АВТОР
 Мәдениет және ақпарат министрлігі 4 Қараша 2026, 23:27
4 Қараша 2026, 23:27
116
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Оқитын ұлт – өркениетке бастар жол» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі Жарлығы аясында ұйымдастырылды.

Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері, кітапхана мен архив басшылары, жазушылар, баспагерлер және әдебиет қайраткерлері қатысты. Онда «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының нәтижелері таныстырылды.

Бүгінге дейін марафон аясында 120 мың адамды қамтыған 3 мыңға жуық іс-шара өткізілген. Қатысушылар 574 мыңнан астам кітап оқып, 50 мыңға жуық бейнепікір жариялаған. Соңғы екі аптада оқылған кітаптар мен пікірлер саны 2,6 есе, ал бейнепікірлер 2,5 есе артқан. Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарының тұрғындары белсенділік танытқан.

Жиында «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын әзірлеу мәселесі де талқыланды. Бастама кітап оқуды насихаттайтын жобаларды жүйелеуге, отандық кітап индустриясын дамытуға және оқуды қоғамның тұрақты дағдысына айналдыруға бағытталған.

Сондай-ақ қатысушылар әдеби платформалардың мүмкіндіктерін пайдалану, кітапханалардың жұмысын жандандыру және жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру жөнінде пікір алмасты.

Наверх