Қазақстанда қанша адам үй кезегінде тұр?

Министр «Отбасы банкінің» ресми деректерін келтірді.

 ©BAQ.KZ коллажы 4 Қараша 2026, 15:15
4 Қараша 2026, 15:15
105
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда 870 мың адам баспана кезегінде тұр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 4 қарашада Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр «Отбасы банкінің» ресми деректерін келтірді.

Қазір банктің ресми кезегінде 870 мың адам тұр. Банк тізімдерді тұрақты түрде тексеріп отырады. Алайда біз 870 мың адамды бірден қажетті баспанамен қамтамасыз ететіндей көлемде тұрғын үй салып жатқан жоқпыз, – дейді Нағаспаев.

Министрдің айтуынша, 2026 жылы Қазақстанда 24 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Ал мемлекет есебінен салынатын әлеуметтік тұрғын үйдің құны бақылауда болады.

 Бұл – Қазақстан бойынша құрылыс құнының орташа ірілендірілген сметалық көрсеткіштері. Орташа көрсеткішті айтып отырмын, өйткені әр облыста баға аздап ерекшеленеді. Бір шаршы метрдің құны – 335 мың теңге. Біз мұны бақылауда ұстаймыз және бағаның күрт өсуіне жол бермейміз, – дейді министр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.

Тағы оқи отырыңыз:

Бос пәтерлер басқа кезекте тұрғандарға беріледі: Жаңа ереже кімдерге қатысты?

400 пәтерден үлесі бар қазақстандық мемлекеттен баспана алуға кезекте тұрған

Қазақстанда 200 мыңнан астам адам баспана кезегінен айырылуы мүмкін

Наверх