Алматыда полиция қызметкерлеріне күш көрсеткен күдікті ұсталды

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

4 Қараша 2026, 22:53
АВТОР
 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 4 Қараша 2026, 22:53
4 Қараша 2026, 22:53
181
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматы қаласының Әуезов ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылғаны туралы «102» арнасына хабарлама түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетті.

Құқық бұзушылықтың жолын кесу кезінде оқиғаға қатысушылардың бірі полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, оларға күш көрсеткен.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қатысушылардың әрекеттеріне заң аясында құқықтық баға беріледі.

Полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде оларға күш қолдану қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертті.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх