СҚО-да әкімдік қызметкері сірке қышқылын ішіп, өзіне қол жұмсамақ болды. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше оқиға 3 қарашада болған. Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті осыған қатысты түсініктеме берді.
«Суицидке оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 3 қарашада аудандық ауруханаға улану белгілері бар 62 жастағы жергілікті тұрғын жеткізілді. Оқиға орнынан сірке қышқылы құйылған бөтелкелер мен хат алынды. Тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», – деп жауап берді СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына.
Полиция өкілдерінің айтуынша, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.
Әйел Булаево қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы ауыр.
Сонымен қатар, ауылдастарының айтуынша, бұл суыт қадамға әйелдің шипажайда тексеруден өту кезінде білген ауыр дерті себеп болуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда пәтерден 33 жастағы ер адамның денесі табылды.
Тағы оқи отырыңыз:
«Отбасылық өміріне араласқаны үшін жазалаған»: Ер адам қолы байлаулы, жалаңаяқ жүрген әйелге көмек көрсетті
Ақмолада дәрігер куәгер ретінде жауап бергеннен кейін суицид жасады
Шығыс Қазақстанда екі адамның денесі табылды