Текеліде 11 жастағы қыз экскаватордың астында қалып қаза тапты

Текеліде экскаватор қаққан мектеп оқушысы көз жұмды.

4 Қараша 2026, 17:29
АВТОР
 видеодан скриншот 4 Қараша 2026, 17:29
4 Қараша 2026, 17:29
179
Фото: видеодан скриншот

Текелі қаласында 11 жастағы қыз экскаватордың астында қалып қаза тапты. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, бала жолды жаяу жүргіншілер өткелінен кесіп өтпек болған. Жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға 3 қарашада болды. Полицияның хабарлауынша, дөңгелекті экскаватордың жүргізушісі жол қиылысынан өту кезінде кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан қыз бала көз жұмды.

Текелі қаласында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Volvo маркалы дөңгелекті экскаватордың жүргізушісі жол қиылысынан өту кезінде жолдан жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан кәмелетке толмаған бала көз жұмды. Кінәлі жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жауап берді Жетісу облысының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына. 

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Полиция жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындаған кезде аса мұқият болуға, бағдаршам сигналдарын қатаң сақтауға және жолдағы жауапкершілік пен сақтыққа адам өмірі тәуелді екенін есте ұстауға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін Теміртау – Қарағанды жолында жол апатынан 18 жастағы бойжеткен қаза тапты. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Астанада көлігінің ақауына байланысты тоқтаған жүргізушіні басқа көлік қағып өлтірді

Астанада қызды көлігімен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші анықталды

Астана – Петропавл жолындағы жантүршігерлік апат: Полицей комаға түсті

Наверх