Астаналық пара спортшылар қол күрестен әлем чемпионатында 7 медаль жеңіп алды

Байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшылары 2 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль иеленді.

 Астана қаласының әкімдігі 4 Қараша 2026, 21:50
4 Қараша 2026, 21:50
172
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен пара қол күрестен әлем чемпионатына 25 елден 500-ден астам спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшылары 2 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль иеленді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Бекзат Бүркітов сол қолмен күрестен әлем чемпионы атанып, оң қолмен сынға түсуде күміс жүлдеге ие болды. Есенгелді Мақенай оң қолмен күрестен алтын медаль жеңіп алды.

Ал Никита Ермаков сол қолмен күрестен күміс медаль иеленсе, Арыслан Әбдеханов екі қолмен күрестен де күміс жүлдегер атанды. Нұрлан Балтабай оң қолмен күрестен қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, елордалық пара спортшылар әлем чемпионатын жеті медальмен қорытындылады.

 

Наверх