Павлодар ЖЭО-3-те үш қазандық пен екі турбоагрегат күрделі жөндеуден өтті

Қазіргі уақытта станцияда бес қазандық агрегат пен бес турбоагрегат жұмыс істеп тұр.

 Энергетика министрлігі 4 Қараша 2026, 08:54
4 Қараша 2026, 08:54
170
Фото: Энергетика министрлігі

Павлодардағы ЖЭО-3 станциясында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясындағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.

Жөндеу барысында №1, 3 және 5 қазандық агрегаттары, №3 және 5 турбоагрегаттары күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар №1 түтін мұржасы жөнделді.

Қазіргі уақытта станцияда бес қазандық агрегат пен бес турбоагрегат жұмыс істеп тұр. Олар тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етуде.

Жүйелік оператордың жоспарына сәйкес, биыл еліміздің электр станцияларында 9 энергоблокқа, 55 қазандық және 51 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізу көзделген. Бүгінге дейін 8 энергоблок, 49 қазандық және 32 турбоагрегат жөндеуден өткен.

Жөндеу науқанының аяқталуы станция жабдықтарының сенімді жұмыс істеуіне және алдағы жылыту маусымында тұтынушыларды тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Наверх