Қазақстанда экология мен қауіпсіздікке бағытталған 30 волонтерлік жоба іске асты

Бастамалар Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

 depositphotos.com 4 Қараша 2026, 07:49
4 Қараша 2026, 07:49
204
Фото: depositphotos.com

Астанада экологиялық волонтерлік, жануарларды қорғау және төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету бағыттарындағы гранттық жобалардың қорытындысы жарияланды.

Ұлттық волонтерлік желісінің мәліметінше, шағын гранттар байқауына еліміздің барлық өңірінен 210 өтінім түскен. Нәтижесінде үш бағыт бойынша 30 жобаға қолдау көрсетілген. Бастамалар Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Экологиялық жобалар аясында Алакөл жағалауынан 23 тоннадан астам қоқыс жиналып, 13 өңір мен қалада тазалық шаралары өткізілді. Жануарларды қорғау бағытында 20 өңірді қамтыған «Қыста құстарға көмектес» акциясы ұйымдастырылып, құстарға бір тоннадан астам жем берілді. Сондай-ақ панажайдағы жануарларға жаңа иесін табуға көмектесетін «Найди друга» Telegram-боты іске қосылған.

Төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету бағытында 2 мыңнан астам адам мобильді волонтерлік топтарды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Бұдан бөлек, судағы қауіпсіздік, мүгедектігі бар адамдарды эвакуациялау және құтқарушыларға психологиялық қолдау көрсету бойынша шаралар ұйымдастырылды.

Наверх