Қазақстанда ұлттық жүк әуе тасымалдаушысы құрылды

4 Қараша 2026, 17:47
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 4 Қараша 2026, 17:47
4 Қараша 2026, 17:47
143
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Елімізде әуе кемелерінің паркін 10 ұшаққа дейін ұлғайтуды көздейтін ұлттық жүк әуе тасымалдаушысы дамытылуда. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елімізде ұлттық жүк әуе тасымалдаушысы – «Эйр-Карго» компаниясы құрылды. Алдағы уақытта оның әуе кемелері паркін 10 ұшаққа дейін ұлғайту жоспарланған. Жоба еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі Президент тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Бұл туралы Үкіметте Президент Жолдауында берілген тапсырмалар аясында экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.

Алғашқы әуе кемесі 2026 жылдың қараша айында, ал екіншісі 2027 жылдың наурыз айында жеткізіледі деп күтілуде. Жалпы компания 10 жүк ұшағын пайдалануды жоспарлап отыр. Ұлттық тасымалдаушы халықаралық жүк әуе тасымалы нарығында қызмет көрсетеді.

Жанармай құю кешендері мен жүк терминалдары жаңартылып, олардың автомобиль және теміржол магистральдарымен байланысы қамтамасыз етілуде.

Көлік саласын толық цифрландыру мақсатында «Е-Көлік» бірыңғай зияткерлік платформасының негізінде ақпараттық жүйелер интеграциялануда. Аталған платформа арқылы қағазсыз құжат айналымына толық көшу, тасымалдау құжаттарын ресімдеу мерзімдерін қысқарту және жүк ағындарының ашықтығын арттыру қамтамасыз етіледі.

Наверх