Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздер әзірге нәтиже бермей отыр

Келіссөздер аясында әскери шиеленіс те жалғасып отыр.

 depositphotos.com 4 Қараша 2026, 03:40
4 Қараша 2026, 03:40
124
Фото: depositphotos.com

Иран мен АҚШ соғысты тоқтату жөніндегі келісімге қол жеткізуден әлі де алыс. Бұл туралы Reuters агенттігіне Иранның жоғары лауазымды өкілі мәлімдеген.

Оның айтуынша, Катар бастаған делдалдар екі ел арасындағы келіспеушіліктерді азайтуға күш салып жатыр. Алайда Тегеран Ормуз бұғазының қалыпты жұмысын қалпына келтіру үшін алдымен өзінің талаптары орындалуы керектігін алға тартқан. Ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздер де осы мәселелер шешілгеннен кейін ғана басталуы мүмкін.

Келіссөздер аясында әскери шиеленіс те жалғасып отыр. Reuters мәліметінше, АҚШ күштері Иранның Кешм аралындағы бірқатар нысанға соққы жасаған. Ал Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормуз бұғазы маңында америкалық MQ-9 ұшқышсыз ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді.

Иран парламентінің спикері Мұхаммед Багер Калибаф Вашингтонның кез келген әскери әрекетіне жауап берілетінін айтып, Тегеранның қысымға мойынсұнбайтынын жеткізді.

Сонымен қатар аймақтағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында дипломатиялық байланыстар жалғасуда. Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчидің мәліметінше, Сауд Арабиясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістан өкілдері Тегеранда Иран басшылығымен кездескен.

Дипломатиялық күш-жігердің басты мақсаты – әскери қақтығыстың қайта өршуіне жол бермеу және Таяу Шығыстағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Наверх