Құрылтайда экономиканың нақты секторын цифрландыру мәселелері талқыланады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Құрылтайдың жалпы отырысында белгілі болды.
Құрылтай депутаттары 11 желтоқсанда «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында экономиканың нақты секторын цифрлық трансформациялау» тақырыбында тыңдау өткізуді жоспарлап отыр.
Іс-шара барысында өнеркәсіп, құрылыс, көлік, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларын цифрландырудың қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланады. Тыңдауға Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев, бірқатар орталық мемлекеттік органның басшылары, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар қатысады, - деп атап өтті депутат Дархан Ахмадиев.
Жиынға тиісті министрліктер мен орталық мемлекеттік органдардың басшылары, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар қатысады. Талқылау барысында өнеркәсіп, құрылыс, көлік, энергетика және ауыл шаруашылығындағы цифрландыру жұмыстарының қазіргі ахуалы, саладағы түйткілдер мен оларды шешу жолдары қарастырылады.
Тыңдауды әзірлеу және ұйымдастыру мақсатында Құрылтай Регламентінің 211-тармағына сәйкес арнайы комиссия жасақталды. Оның құрамына тұрақты комитеттер мен саяси партиялар фракцияларының атынан 19 депутат кірді.
Комиссия төрағасы болып Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмедиев сайланды.