Алматыдағы құрылыс алаңынан шыққан жағымсыз иіс тұрғындардың мазасын қашырды

15 Қазан 2026, 12:39
АВТОР
 ©️ BAQ.KZ коллажы 15 Қазан 2026, 12:39
15 Қазан 2026, 12:39
76
Фото: ©️ BAQ.KZ коллажы

Алматыда тұрғындар Мұқанов көшесі, 235 мекенжайындағы «Весновка» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңынан үш аптадан бері өткір, улы заттарға ұқсас иіс шығып жатқанын айтып шағымданды. Тұрғындардың наразылығына Алматы аудандық әкімдігі жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тұрғындар үй ішінде де тыныс алу қиындап, тамақ қышып, көздері қызара бастағанын мәлімдеген.

Әлеуметтік желіде жарияланған жазба авторының сөзінше, жағымсыз иіс қарама-қарсы орналасқан үйдің тұрғындарына ғана емес, одан бір орам жоғары тұрған «Театральный» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына да сезіледі.

Үйде терезелер жабық тұрса да, тамағымыз жыбырлап, көзіміз қызарады. E-Otinish арқылы өтініш жаздық. Алайда өтініш бөлімдер мен департаменттер арасында сегіз рет қайта жіберілгенше, көп адам химиялық заттардан уланып қала ма деп қорқамын, – делінген жазбада.

Алмалы ауданының әкімдігі не дейді?

Алмалы ауданы әкімдігінің мәліметінше, бұл мекенжайда «Frankfurt na Vesnovke» тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Қазір нысанда гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімдігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ақпаратына сүйеніп, санитариялық нормалар бұзылмады деп отыр.

Әкімдік мәліметінше, құрылыс жұмыстарын аяқтаудың алдын ала белгіленген мерзімі 20 қазан.

Наверх