Астанада автобустарда жол жүрудің жаңа тарифтері бекітілді. Жол жүру құны бағдардың санатына және төлем әдісіне байланысты болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы» қаулыны әкімдік бекітті.
Қолма-қол ақшасыз төлеген жағдайда тарифтер:
-
Қалалық және әлеуметтік маңызы бар бағдарлар – 150 теңге.
-
Экспресс-бағдарлар – 300 теңге.
-
Қала маңындағы бағдарлар – километріне 13 теңге.
Қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда:
-
Қалалық және әлеуметтік маңызы бар бағдарлар – 300 теңге.
-
Экспресс-бағдарлар – 400 теңге.
-
Қала маңындағы бағдарлар – километріне 19 теңге.
Жеңілдігі бар көлік карталарының иелері үшін әлеуметтік маңызы бар бағдарларда жол жүру тегін болып қала береді.
Бұдан бөлек, электрондық төлем жүйесі істен шыққан жағдайда электрондық жол жүру құжаттары бар жолаушылар қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады.
Жаңа тарифтер қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін 1 тамыздан бастап Tarlan Astana желісінде жаңа тарифтер күшіне енді.