Мерзімі өткен 1200 келіге жуық дәрі тапсырылған

Тұрғындарға жарамдылық мерзімі өткен дәрілерді арнайы жинау пункттеріне тапсыру ұсынылады. 

 pixabay 15 Қазан 2026, 23:37
15 Қазан 2026, 23:37
125
Фото: pixabay
Алматыдағы 38 қалалық емханада жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылған..

Бір жыл ішінде тұрғындар осы пункттерге 1 200 келіге жуық дәрі қалдығын тапсырған.

Жиналған дәрі-дәрмектер қауіпсіз жолмен жоюға жіберілді. Жобаны ECO Network экологиялық қауымдастығы Eco Almaty қолдауымен жүзеге асырып жатыр.

Мамандар мерзімі өткен дәрілерді тұрмыстық қоқысқа тастауға немесе кәріз жүйесіне ағызуға болмайтынын ескертеді. Мұндай қалдықтар топырақ пен су айдындарын ластауы мүмкін.

Тұрғындарға жарамдылық мерзімі өткен дәрілерді арнайы жинау пункттеріне тапсыру ұсынылады. 

Наверх