Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуға, жолдар мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеуге кеңес береді.

15 Қазан 2026, 08:11
АВТОР
 depositphotos.com 15 Қазан 2026, 08:11
15 Қазан 2026, 08:11
147
Фото: depositphotos.com

Бүгін, 15 қазанда Алматы, Астана, Көкшетау, Ақтөбе және Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Қолайсыз метеожағдайлар кезінде ауада зиянды заттар жиналып, атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Мамандар тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуға, жолдар мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тартқан жөн. Созылмалы аурулары бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені дұрыс.

Сондай-ақ мамандар даладағы дене белсенділігін шектеп, спортпен жабық ғимараттарда айналысуға шақырады.

Наверх