Қазақстан Сингапурмен әуежайларды дамыту бойынша әріптестікті нығайтпақ

Сонымен қатар тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделі екенін растады.

 Сыртқы істер министрлігі 15 Қазан 2026, 07:12
15 Қазан 2026, 07:12
169
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сингапурдың Қазақстандағы Құрметті консулы Талғат Чиникеевпен кездесті. Кездесу 13 қазанда Астанада өтті.

Тараптар Құрметті консулдықтың қызметін және Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесуде сингапурлық Changi Airports International компаниясының Қазақстандағы әуежай инфрақұрылымын салу және дамыту жобаларына стратегиялық қатысуына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделі екенін растады.

Наверх