Қазақстан Төрт құрлық чемпионатын алғаш рет қабылдайды

Байрақты бәсеке 9-14 ақпан аралығында «Алматы Арена» кешенінде өтеді.

 ҚР ҰОК 15 Қазан 2026, 23:22
15 Қазан 2026, 23:22
124
Фото: ҚР ҰОК
Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2027 жылғы Төрт құрлық чемпионатын өткізу орны өзгергенін мәлімдеді.

Бастапқыда жарысты Астанада өткізу жоспарланған еді. Алайда Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағымен келісу нәтижесінде чемпионатты Алматыда өткізу туралы шешім қабылданды.

ҚР ҰОК мәліметінше, байрақты бәсеке 9-14 ақпан аралығында «Алматы Арена» кешенінде өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан Төрт құрлық чемпионатын алғаш рет қабылдайды.

2025 жылы Михаил Шайдоров осы жарыста жеңімпаз атанса, 2015 жылы Денис Тен чемпион болды. Ал әйелдер арасында Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылы қола жүлдеге ие болған.

Наверх