Алматыдағы оқушылардың улануы: Тағы үш бала ауруханаға жеткізілді

15 Қазан 2026, 14:27
АВТОР
 almaty.fizmat.kz 15 Қазан 2026, 14:27
15 Қазан 2026, 14:27
96
Фото: almaty.fizmat.kz

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде уланып қалған оқушылар саны 51-ге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді. Ол ауруханаға барып, балалардың жағдайын біліп қайтқан. 

Алматыда улану белгілерімен ауруханаға түскен балалардың жағдайын біліп қайттым. Барлығы 43 ұл және 5 қыз. Жаңа ғана тағы үш бала жеткізілді, - дейді Зәкиева. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің сөзінше, балалар әртүрлі облыстан келген, РФММ интернатында тұрады. Жағдайлары тұрақты.

Улану дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 14 қазанда Алматыда оқушылар жаппай уланып, РФММ қызметі уақытша тоқтатылғаны белгілі болған еді. Қазанның 12-14 аралығында Республикалық физика-математика мектебінің 48 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

Артынша Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайға байланысты байланысты мәлімдеме жасады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше  мамандар «Master Food» ЖШС-нің тамақтану блогын тексеру барысында азық-түлік өнімдерін сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу және тамақтануды ұйымдастыру талаптарының бұзылғанын анықтады. Бостандық аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінде бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Наверх