Әуежайларда Қазақстанға жалған құжатпен кірмек болған 19 шетелдік анықталды

Астана мен Алматы әуежайларында шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған шетелдіктер ұсталды. Жыл басынан бері осындай 358 деректің жолы кесілген.

15 Қазан 2026, 12:08
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві 15 Қазан 2026, 12:08
15 Қазан 2026, 12:08
109
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі қыркүйек пен қазан айларында Астана және Алматы әуежайларында жалған құжатпен мемлекеттік шекараны кесіп өтуге әрекет жасаған 19 шетел азаматын анықтады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, шекаралық бақылау кезінде құқық бұзушылардың басым бөлігі жалған визалар мен үшінші тұлғалардың деректері көрсетілген құжат бланкілерін пайдаланған.

Аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Жыл басынан бері 358 дерек тіркелген

Шекара қызметі жалған және бөгде құжаттарды пайдаланатын адамдардың Қазақстан аумағына кіруіне жол бермеу бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері шекаралық бақылау барысында осындай 358 құқық бұзушылықтың жолы кесілген.

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны жалған немесе бөгде құжаттарды пайдаланып кесіп өткені үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.

Еске салсақ, бұған дейін де Қазақстан шекарасында 200 адам жалған құжатпен ұсталған болатын.

Тағы оқи отырыңыз: Алматыда 82 адам жалған құжатпен зейнетақы алған: Мемлекетке 108 млн теңгеден астам шығын келген 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх