«Үркер» ұлттық сыйлығы: El Sport жобасы үміткерлер қатарында

15 Қазан 2026, 17:37
АВТОР
 Фото: El.kz 15 Қазан 2026, 17:37
15 Қазан 2026, 17:37
107
Фото: Фото: El.kz

El.kz интернет-басылымының El Sport жобасы 2026 жылғы «Үркер» ұлттық сыйлығының «Үздік медиажоба» (YouTube, подкаст) аталымы бойынша үміткерлер қатарына енді. Қазақ тілінде жарық көретін спорттық сұхбат жобасын журналистер Мадина Асылбек пен Диана Орынбасар жүргізеді.

El Sport-тың алғашқы шығарылымы 2025 жылғы 2 қазанда жарық көрді. Содан бері жоба авторлары спортшылармен, бапкерлермен және спорт дәрігерімен сұхбаттасып, көрерменге спорт әлемін түрлі қырынан таныстырып келеді. Осы уақытқа дейін 33 шығарылым әзірленген.

Жоба жүргізушілерінің айтуынша, El Sport спорт тақырыбындағы контентті қыздар жүргізетін тұрақты медиажоба ретінде ерекшеленеді. Алғашқы шығарылымдардан-ақ жоба көрермен назарын аударып, тұрақты аудитория қалыптастыра бастаған.

Бұл жоба біз үшін тек сұхбат алаңы емес. Қоғамда әлі де кездесетін «қыздар спортты түсінбейді», «спорт туралы жігіттер ғана айтуы керек» деген таптаурындарға жұмысымыз арқылы жауап беріп келеміз. Біз спортты тек жарыс нәтижесі мен есеп ретінде емес, оның артындағы адам тағдыры, еңбек, жеңіс пен жеңіліс, мінез бен мотивация арқылы көрсетуге тырысамыз, – дейді жоба авторлары.

Бір жыл ішінде El Sport спортшылардың ойын еркін жеткізіп, жанкүйер мен спортшыны жақындастыратын қазақтілді медиалаңға айналды. Жоба авторлары қазақ спортын ана тілінде сапалы насихаттап, жастардың спортқа қызығушылығын арттыруды және спорт журналистикасындағы жаңа форматтарды дамытуды көздейді.

2026 жылғы «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлердің толық тізімін мына жерден  көруге болады.  

Наверх