Алматыда Медеу – Шымбұлақ жолы уақытша жабылады

15 Қазан 2026, 11:23
АВТОР
 15 Қазан 2026, 11:23
15 Қазан 2026, 11:23
91

19-22 қазан аралығында Медеу – Шымбұлақ жолы уақытша жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Медеу – Шымбұлақ автомобиль жолының «Горельник» визит-орталығы маңындағы бөлігінде диаметрі 1 және 1,5 метр болатын екі темірбетон су өткізу құбырын орнату жұмыстары жүргізіледі.

Жұмыс жүргізілетін кезеңде автокөліктер мен жүргіншілер қозғалысы толықтай тоқтатылады.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан осы бағыттағы сапары мен жаяу жүру маршрутын жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескеруін сұрады. 

Наверх