Конго Демократиялық Республикасында тырысқақ пен Эбола вирустарына байланысты эпидемиологиялық жағдай күрделеніп барады. Жыл басынан бері елде тырысқақ жұқтырғандар саны 51 мыңнан асып, шамамен 1 500 адам қайтыс болған.
Ауру жұқтырғандар саны дәрі-дәрмек пен ауызсудың тапшылығы аясында артып отыр. Тырысқақтың таралуын тежеу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының гуманитарлық топтары суды хлорлау бекеттерін орнатып, тұрғын үйлерді дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар елдің денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеме артып келеді. Бұған Эбола вирусының да таралуы әсер етіп отыр. Мәліметке сәйкес, елдің 7 провинциясында 9 мыңнан астам адам осы инфекцияны жұқтырған.
Эболаға қарсы мақұлданған вакцина жоқ. Қазіргі уақытта ДДҰ мамандары вакцинаның ықтимал нұсқаларын зерттеп жатыр. Тамыз айынан бастап Итури провинциясында халықаралық клиникалық зерттеу жүргізіліп келеді.
Айта кетейік, бұған дейін Конгода вирус жұқтырғандар саны 8 мыңға жуықтады.
Сондай-ақ, Конго Эболаға қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуді бастағаны хабарланды.