inDrive сапар бағасы тапсырыс бермей тұрып белгілі болатын «Бір басумен» тарифін іске қосты

15 Қазан 2026, 16:23
АВТОР
 inDrive компаниясы 15 Қазан 2026, 16:23
15 Қазан 2026, 16:23
95
Фото: inDrive компаниясы

Көлік және жеткізу қызметтердің жаһандық inDrive платформасы Қазақстанда «Бір басумен» тарифін іске қосты. Енді жолаушыға өз бағасын ұсынып, жүргізушінің келісімін немесе қарсы ұсынысын күтудің қажеті жоқ. Сапар құны нақты қаладағы бұрынғы сапарлар тарихының негізінде автоматты түрде есептеледі. Жолаушы соңғы бағаны бірден көріп, саудаласу кезеңінсіз бір батырманы басу арқылы тапсырысты рәсімдейді де бірден жүргізушіні іздеуге өтеді.

 «Бір басумен» тарифі ең алдымен сапар бағасының алдын ала белгілі болғанын қалайтын немесе сапар құнын талқылауға уақыт жұмсамай, бірден көлік шақырғысы келетін жолаушыларға арналған. Мысалы, жұмысқа немесе әуежайға бара жатқанда, сондай-ақ саудаласу арқылы ақша үнемдеуден гөрі уақытты үнемдеу маңызды болатын кез келген жағдайда бұл тариф ыңғайлы.

Бағаны келісу моделі inDrive қызметінің негізі болып қала береді: көптеген жолаушы мен жүргізуші үшін бұл екі тарапқа да тиімді бағаны анықтаудың тәсілі. Алайда осы уақыт ішінде пайдаланушылардың өздері де өзгерді: көбісі өздерінің үйреншікті бағыты қанша тұратынын жақсы біледі, сондықтан олар үшін саудаласу рәсімділікке айналды. Осындай жағдайлар үшін біз «Бір басумен» тарифін жасадық. Ол жолаушыға ұсынылған сапар құнын бірден қабылдауға мүмкіндік береді, – деді Қазақстандағы inDrive бизнесінің жетекшісі Арай Бекембаев.

Жүргізушілер үшін бұл тапсырыстардың ашық әрі болжамды болуын білдіреді: сапар бағасы алдын ала белгілі болады және жол жүру барысында өзгермейді. Соның арқасында бағаны талқылауға кететін уақытты үнемдеп, сапарлардың өзіне көбірек уақыт бөле алады.

Тариф еліміздің 20 қаласында қолжетімді: Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Рудный, Семей, Тараз, Теміртау, Түркістан, Орал, Өскемен және Екібастұз.

Наверх