Все новости за 13 сәуір 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Әтір және басқа да иіссуларды қолдану оразаны бұза ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауалға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы бойынша бас имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай жауап береді.
-
Үндістанның әскери атташесі қазақстандық бітімгерлердің оқу-жаттығу процесімен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның әскери атташесі Алматыдағы Бітімгершілік дайындық орталығына барды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Сенаторлар ЕҚЫҰ-ның елордадағы кеңсесінің басшысымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед пен сенатор Қайрат Қожамжаров ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
-
Түркістан облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға Сарыағаш-Шымкент тас жолында болған. Жолаушылар автобусы Audi көлігімен соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза тауып, тағы 4 адам жарақат алды.
-
Әскери ұшқыштар оқу-жаттығу барысында шеберлігін шыңдауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскердің жауынгерлік қабілеттін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде оқу-жаттығу ұшулары өтіп жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
СІМ-де АӨСШК-ке қазақстандық төрағалықтың басымдықтары талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбаймен кездесуі өтті.
-
Қазақстан полициясында талдау орталығы құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан полициясында талдау орталығы құрылады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қызылордада еркін күрестен жасөспірімдер арасында ел үздіктері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада еркін күрестен 17 жасқа дейінгі балуандар арасында Қазақстан чемпиондары анықталды.
-
Ақмола тұрғыны анасының атынан несие рәсімдеп, құмар ойынға жұмсап жіберген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола тұрғыны анасының атынан несие рәсімдеп, құмар ойынға жұмсап жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Оңтүстік Африкада су тасқынынан 45 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында бірнеше күн төпелеп жауған жауын тасқынға ұласып, 45 адам қаза тапты, деп хабарлады 24.kz
-
Қазақстандық жас теннисшілер әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Дели (Үндістан) қаласында теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Davis Cup кубогы (әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Жас мамандарды мектептерден іздеуіміз керек – кәсіби жолшы
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда автомобиль жолдарының сапасын бақылайтын мемлекеттік мекеме бар екенін екінің бірі біле бермейді. Уәкілетті орган түрлі маңыздағы трассаларда бақылау рейдтерін өткізіп, жай-күйін саралайды.
-
Ерлан Қошанов: Азаматтарымызды қаржы алаяқтарынан қорғауымыз керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары қаржы пирамидаларын жарнамалауға қарсы заң жобасын әзірлейді. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Президент елорданы дамыту және абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Ұлттық экономика министрі Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личпен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылап, сауда қатынастарын дамыту мен нығайтудың едәуір әлеуетін атап өтті.
-
Шанхайда коронавирус жұқтырғандар саны өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шанхайда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 26 330 адам тіркелді. Бұған Қытай Халық Республикасының Гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің сәрсенбіде жарияланған мәліметтері дәлел, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
Қостанайда өткен айтыста 5-сынып оқушысы жеңімпаз болды
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайда «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы өтті. Отызыншы жыл қатарынан ұйымдастырылған жыр додасы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және Балалар жылына арналды.
-
Ауылдық жердегі білім деңгейін арттыру мақсатына қаржы бөлінеді – Болат Жәмішев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қалалық жердегі білім деңгейі өсіп жатқанымен, ауылдық жердегі білім деңгейінің төмендеп жатқанын айтты.
-
Ақмола облысының бес өңірінде су тасқыны қаупі жойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Манарбек Шапағатовтың қатысуымен «Ақмола облысының аумағында су тасқыны кезеңінің өтуі туралы» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
-
Алматы экологиялық автобустар қолданысқа берілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматының қоғамдық көлік паркі газбен жүретін 105 жаңа экологиялық таза және жайлы Golden Dragon автобустарымен толықты, жақын арада тағы 45 автомобиль жеткізіледі деп күтілуде. Осы жылы экологиялық таза көлік үлесін 50%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Алтын орда» базарында 1,6 млрд теңге көлемінде заңбұзушылық анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.«Алтын Орда» базарын тексеру аяқталуда. Қандай құқық бұзушылықтар анықталды? Бұл туралы СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков айтты.
-
Түркістан облысының алғашқы қырыққабат өнімдері Ресейге жөнелтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округіндегі «Комилжон» шаруа қожалығы қырыққабаттың алғашқы өнімдерін Ресейге экспорттауда.
-
Ұлттық ұланның үздік бес қызметтік иті туралы не білеміз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ит - адам бағындырған алғашқы жануар. Ежелгі дәуірден бастап біздің заманымызға дейін төрт аяқтылар адал қызмет етеді. Қызметтік иттер Ұлттық ұланда кеңінен қолданылып келеді. Қылмыскерлерді, есірткі мен қаруды іздейді. Тәртіп бұзушыларды ұстайды. Жоғалған азаматтарды табуға көмектеседі.
-
Жалақы мәселесі. Компания өкілдері үш күн мұрсат сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров «Меркі-Шу-Бурылбайтал» тас жолын салушы жұмысшылардың еңбекақысын көтеруге байланысты «Синьсин» компаниясының өкілдерімен арнайы кездесті, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Депутат Семей полигонынан зардап шеккендерге жәрдемақы беру мәселесін шешуді сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Семей ядролық сынақ полигонының салдарынан зардап шеккен ардагерлер өтініштер жолдап отырғанын айтып, Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдады.
-
Нарымбетова: Журнал ашудағы мақсатым – мектеп-ата-ана-басылым арасында үштаған одағын құру
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барыс жылын Балалар жылына арнады. Әне-міне дегенше жылдың төртінші айы да орталап қалды.
-
«Қазақстан халқына» қоры ауыл ұстаздарына да көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан халқына» қорының жұмыс барысы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
-
Алматы облысында биыл кәмелетке толмаған 4 жас бала суицид жасаған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы облысы ПД ЖПҚБ ЕТЖ аға инспекторы, полиция подполковнигі Медет Құнанбаев «Жетісу Медиа» ақпараттық алаңында өткен брифинг барысында айтты.
-
Алматы облысында кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған құқық бұзушылықтар 32,4%-ға өсті – ПД
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы үш айда 2 кәмелетке толмаған жасөспірімдер үйінен жүйелі түрде рұқсатсыз кеткені үшін сотталған девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған арнайы оқу орындарына жіберілді. Бұл туралы Алматы облысы ПД ЖПҚБ ЕТЖ аға инспекторы, полиция подполковнигі Медет Құнанбаев брифинг барысында айтты.
-
Алматыда бизнес субъектілері арасындағы 990 мәміле жарамсыз деп танылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда бизнес субъектілері арасындағы 990 мәміле жарамсыз деп танылды. Оптимизаторларға 60 млрд теңге сомасында салық шағымдары берілді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Баеділов мәлімдеді.
-
Депутат Үкіметке мұнай құбырындағы апатқа қатысты сауал жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров Каспий құбыр консорциумындағы апат мәселесін көтеріп, Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады.
-
Оқушылар тегін тамақтануы керек – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мектеп жасындағы барлық балаға материалдық жағдайына қарамастан тегін тамақ енгізу қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында айтты.
-
ЖОО-ға тиесілі жер телімдеріне арнайы тексеру жүргізу керек – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Депутат Берік Дүйсембинов жоғары оқу орындарына тиесілі жер телімдеріне арнайы тексеру жүргізу туралы депутаттық сауалын Бас прокуроры Берік Асыловқа пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке жолдады.
-
Депутаттар отандық кәсіпорындарды қолдау пакетін ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Ресейге қарсы санкциялар еліміздің экономикасына әсерін тигізіп жатқанын айтты. Депутат отандық кәсіпорындардың шығынға ұшырамауы үшін мемлекет тарапынан қолдау шараларын көрсету керегін айтты.
-
Назарбаев әуежайына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы Асқар Кішкембаев департаменттің есеп беруі кезінде айтты.
-
«Қазақстан халқына» қоры кімдерге көмектесетіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Болат Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.
-
Алматы құтқарушылары қар астында қалған адамды тапты
Алматы, BAQ.KZ. Алматы құтқарушылары қар көшкіні астында қалып қойған адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына дрон ұшырғандарын хабарлады.
-
Блогерлер мен вайнерлерді тарту ұят. Депутаттар қаржы пирамидаларына қатысты заң жобасын әзірледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Юрий Ли қаржы пирамидаларына кіріп кеткен халықтың проблемасын айтып, уәкілетті органдарға депутаттық сауал жолдады.
-
Руслан Мағзұмов жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Руслан Мағзұмов Премьер-министр Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
-
Монополистермен күрес. «ҚазМұнайГаз» бен «ҚТЖ» компанияларына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы Асқар Кішкембаев департаменттің есеп беруі кезінде айтты.
-
«ÁŃGIME» коллекциялық монеталары сатылымға шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанның бейнелеу өнері» сериясынан номиналы 500 теңгелік M.KENBAEV «ÁŃGIME» коллекциялық монеталарының 2022 жылдың 14 сәуірінен бастап сатылымға шығатынын хабарлайды.
-
Павлодар облысында қант бағасын ұстап тұру үшін 500 млн теңге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында белгілі болды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
-
Алматыда кедендік төлемдер қарқыны артты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда кедендік құнға бақылауды күшейту нәтижесінде кедендік төлемдердің өсу қарқыны өткен жылға қарағанда айтарлықтай жоғарылады. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Баеділов брифингте айтты.
-
Алматыда 2 адам қар көшкінің астында қалып қойды, оларды іздеу жұмыстары жүріп жатыр - ТЖД
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы ТЖД-і қар көшкіні астында қалып қойған екі адамды іздеу жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеді.
-
Сауда комитетінің жауабы : Доллар арзандады, бірақ азық-түлік бағасы неге түспейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Азық-түлік бағалары қашан тұрақталады? Журналистің қойған сұрағына Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков жауап берді.
-
Қостанайда екі зауыттың құрылысы жүріп жатыр
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайдағы индустрия аймағында шойын құю зауыты және жүк техникасына арналған бөлшектер шығаратын кәсіпорын салына бастады.
-
Алматы биыл мемлекеттік бюджетке үш триллион теңге аударады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ӨКҚ алаңында өткен брифингте Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Баеділов осы жылдың 1 тоқсанында шаһардан мемлекеттік бюджетке 929 млрд теңге мөлшерінде салық түскенін мәлімдеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 153% - ға немесе 322 млрд теңгеге артық.
-
Хатепова бидай мен ұнның қымбатту себебін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова мәлімдеді.
-
«Кітап – Қазақстан және Түрікменстан мәдени ынтымақтастығының арқауы» атты көрме өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Кітап – Қазақстан және Түрікменстан мәдени ынтымақтастығының арқауы» атты халықаралық кітап және сурет көрмесі өтті. Іс-шараны Ұлттық академиялық кітапханасы Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.
-
ШҚО-да марал атқан браконьер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да марал атқан браконьер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Елімізде бидай экспортына шектеу енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда бидай экспортына шектеу шаралары енгізіледі.
-
Энергетика министрі мұнай құбырындағы апатқа қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Каспий құбыр консорциумы бойынша жөндеу жұмыстары әзірге басталмады. Энергетика министрі Болат Ақшолақов алдағы аптада ресейлік әріптестерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отырғанын айтты.
-
ІІМ қанша ресейлік Қазақстан азаматтығын алғысы келетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің кулуарында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев қанша Ресей азаматы Қазақстан азаматтығын алғысы келетінін айтты.
-
Қазақстанда қанша Украина азаматының жүргені белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қазақстанда Украинаның шамамен 3 300-3 400 азаматы жүргені туралы ақпарат берді.
-
ІІМ қаржы пирамидасына алданған әйелдің өзін өртеп жіберуіне қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің кулуарында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ведомство ғимаратының маңында қаржы пирамидасы салдарынан жапа шеккен әйелдің өзін өртеп жіберуіне қатысты пікір білдірді.
-
Шет ауданының кішкентай тұрғынына әлемдегі ең қымбат инъекция жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында тұратын Айсезім Жаңбырбай Zolgensma гендік терапия препаратымен инъекция алған Қазақстандағы төртінші бала болды.
-
АШМ: Ішкі нарықта ешқандай азық-түлік тапшылығы жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова айтты.
-
Қазақстанда паспорт алуға төлейтін баж мөлшерін 12 мың теңгеге дейін қысқарту ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.
-
Қаржы агенттігі мен Сбер бірлескен мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Банкпен жасалған мәмілелерді аяқтау мерзімі тағы үш айға, 2022 жылғы 13 сәуірден бастап 2022 жылғы 12 шілдеге дейін ұзартылады.
-
Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 12,4 пайызға өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков мәлім етті.
-
Экстремистер мен педофилдер Қазақстанға кіргізілмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Ғазиз Құлахметов «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасын таныстырған кезінде айтты.
-
Халық тез баю мақсатында күдікті инвестжобаларға ақша құйып жатыр – Тергеу департаменті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов халық не себепті қаржы пирамидаларына алданып жатқанын түсіндірді.
-
Сауда комитеті азық-түлік бағасының қымбаттау себебін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков айтты.
-
Президент «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады.
-
Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 100 мың теңгеден бөлінді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде су басқан Рождественка ауылының тұрғындарына 100 мың теңге берілетін болды.
-
Қаржы пирамидасы. Mudarabah Capital блогерлерді қандай мақсатпен тартқаны белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Mudarabah Capital қаржы пирамидасынан жәбір көргендерге қатысты түсінік берді.
-
Қазақстанда босқын мәртебесін тіркеу және беру қағидасы бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі бұйрығымен босқын мәртебесін беру туралы өтінішті тіркеу және қарау қағидасы бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Қазақстанда АЭС-тың құрылысы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің кулуарында Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясының құрылысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жалғасып жатқанын айтты.
-
Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу туралы хабарлама жариялады.
-
Moody's Kaspi Bank-тың рейтингтерін растады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Moody's халықаралық рейтинг агенттігі Kaspi Bank-тің рейтингтерін растады. Агенттіктің болжамы бойынша банктің рейтингтері – «Тұрақты».
-
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша 14-16 сәуірге арналған ауа райы болжамын Қазгидромет жариялады.
-
Жанат Самат «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жанат Самат «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті. Ол бұл қызметті 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап атқарып келеді.
-
Ақмола облысында қант бағасын негізсіз қымбаттатқандар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бағаның өсуіне және қантты сату нарығындағы дүрлігуге байланысты Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департамент өңірдегі қантты көтерме сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді.
-
Қаржы пирамидасы. Шетелдік әріптестермен байланыс орнатып жатырмыз – Санжар Әділов
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаржы пирамидаларын ұйымдастыратындарды ұстау үшін шетелдік әріптестерімен тығыз байланысты жұмыс істеп жатқандарын айтты.
-
Қаржы пирамидасы. 130 адам қылмыстық жауапқа тартылды – Тергеу департаменті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 180-нен астам жалған қаржы компаниялары мен фирмалардың жұмысы тоқтады. 130 адам қылмыстық жауапқа тартылды, оның 50-і сотталды, қалғандарына қатысты сот алды тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты.
-
Мәжіліс Семей ядролық қауіпсіздік аймағына қатысты заңды мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар«Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын мақұлдады.
-
Қаржы пирамидасы. Алаяқтар халықты қандай сөздер арқылы «тұзаққа» түсіреді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-де өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Қаржы пирамидаларына қарсы тұру шаралары жайлы баяндады.
-
Петропавлда қала іргесіндегі бірнеше саяжай өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда қала іргесінде орналасқан бірнеше саяжай қауымдастығы отқа оранды. Құтқарушылар тілсіз жаумен алты сағат бойы арпалысқан. Қызыл жалын шамамен 10 гектар аумаққа жайылып үлгірді. Қатты жел салдарынан оны өшіру оңай болмады, деп жазды Хабар24.
-
Қазақстан мен Ресей парламентшілері Астраханда кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федералдық Жиналысы Федерация кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалық етуімен екі ел парламенттерінің жоғарғы палаталары арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның кезекті отырысы Астрахан қаласында өтті.
-
Камал Смайылов пен Сағат Әшімбаев атындағы байқау жарияланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия қайраткері Камал Смайыловтың 90 жылдығына және тележурналист, жазушы, қоғам қараткері Сағат Әшімбаевтың 75 жылдығына орай «Жалын» телевизиялық жастар байқауын жариялайды.
-
Атырау облысы әкімдігі 10 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы желтоқсанда Атырау облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді, деп хабарлады Есеп комитетінің баспасөз қызметі.
-
Семей аумағында «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы» құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын таныстырды.
-
Дилерлік орталықтардың қосымша қызметпен айналысу заңдылығы тексеріліп жатыр – агенттік
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігігің Алматы қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Еркебай Абдубакиев 2022 жылғы 1 тоқсандағы жұмысының қорытындысы жайлы баяндады.
-
ТМД әуе шабуылынан қорғану жүйесін жетілдіруді талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТМД елдерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.
-
Skills Enbek платформасы басқа білім беру алаңдарымен интеграцияланатын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Skills Enbek платформасы басқа білім беру алаңдарымен интеграцияланатын болады, деп хабарлады Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Адамгершілік пен әскери қасиет. Офицер дайындау оңай ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде отандық білім беру жүйесінде кәсіби кадрларды даярлау бойынша басты міндеттер нақты айқындалған. Жоғары білікті әскери мамандарды даярлау саласында тек құқық тәртібі әскерлері үшін ғана емес, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін офицерлерді даярлайтын Ұлттық ұлан Академиясы ерекше көзге түседі. Осы орайда біз Ұлттық ұлан Академиясының 2 оқу батальон курсанты, қатардағы жауынгер Мерген Ғаниевпен әңгімелескен едік.
-
Жамбыл облысында гранаталар мен 200-ден астам оқ-дәрі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер 6 қару, гранаталар және 200-ден астам патрон тапты.
-
ӘМСҚ. Елорда бойынша 14,1 млрд теңгеден аса жарна түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаңтар-наурыз айлары аралығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 14,1 млрд теңгеден аса жарна түскен.
-
Құрылыс барысын бақылауды күшейтеміз – Өскенбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы уақытта көп қабатты үйлер мен әлеуметтік объектілерде рұқсатсыз құрылыс жүргізу мәселелері жиілеп кетті. Өйткені, аталған кемшілік мемлекеттің және жалпы ел тұрғындарының ортақ мәселесі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Telegram-дағы каналында жазды.
-
Ернар Баспаев Президент көмекшісі болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Коронавирустан қорғайтын екпені елімізде 800 мыңға жуық бала салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 467 542 адам, екіншісін 9 202 834 адам салдырды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте 41 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 41 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы.
-
Елімізде өткен тәулікте 12 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 12 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Байден Ресейдің Украинадағы әрекетін «геноцид» деп атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Президенті Джо Байден Ресейдің Украинаға басып кіруін алғаш рет геноцид деп мәлімдеді. Бұл туралы 24.kz жазды.
-
Эльжана Таниева – үздік үштікте
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық гимнаст Эльжана Таниева әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды.
-
Сәрсенбі, 13 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 13 сәуірде болуы мүмкін ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
-
Биыл жаяу жүргіншілердің кінәсінен 88 жол-көлік оқиғасы орын алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЖКО-да қаза тапқандар мен жараланғандардың төрттен бір бөлігі – жаяу жүргіншілер. Жолдағы қауіпсіздікке жаяу жүргіншілер де, жүргізушілер де жауапты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Атығай Арыстанов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
-
Түркістан облысында танысын алдап, 5 млн теңге шығын келтірген алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында танысын алдап, 5 млн теңге шығын келтірген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Дзюдошы Жансай Смағұлов әлемдік рейтингте үш саты жоғарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Анталияда өткен Grand Slam жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Қаратау ауданында 2025 жылға дейін 466 көшеге асфальт төселеді – Шымкент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаратау ауданында 2025 жылға дейін 466 көшеге асфальт төселеді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов аудан тұрғындарымен кездесуде айтты.
-
Жамбыл облысының бірнеше ауылын су басты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында бірнеше ауылына қарғын су келді, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Украина мен Ресей: Путин мен Зеленский бірқатар маңызды мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдік БАҚ Владимир Зеленский мен Владимир Путиннің мәлімдемелерін жаппай жариялап жатыр. Украина Президенті Литва Парламентіне үндеу тастаса, ал Ресей Федерациясының басшысы беларусь әріптесі Александр Лукашенкомен кездесуі кезінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Наверх