Жалақы мәселесі. Компания өкілдері үш күн мұрсат сұрады

13 Сәуір 2022, 17:25
1918
Бөлісу:
Жалақы мәселесі. Компания өкілдері үш күн мұрсат сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров «Меркі-Шу-Бурылбайтал» тас жолын салушы жұмысшылардың еңбекақысын көтеруге байланысты «Синьсин» компаниясының өкілдерімен арнайы кездесті, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кәсіпорын басшылығы үш күн ішінде қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі қаралатынын айтты, – деді Нұржан Календеров. 

Еске салсақ, кеше қытайлық компанияның 80-нен астам қызметкері әлеуметтік желі арқылы Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев пен облыс әкіміне жалақыны көтеру мен еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен болатын. 

«Меркі – Бурылбайтал»  тас жолының құрылысы Жамбыл облысындағы маңызды нысандардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 90 пайызға біткен. 2023 жылы толық аяқталып, көлік қозғалысы ашылады деп күтілуде

Өзгелердің жаңалығы