Қазақстандық жас теннисшілер әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты

13 Сәуір 2022, 20:09
1427
Бөлісу:
Қазақстандық жас теннисшілер әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Дели (Үндістан) қаласында теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Davis Cup кубогы (әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

 

Жарыстың екінші күні қазақстандық жасөспірімдер Вьетнам құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Бірінші ойында Әмір Омарханов қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0, 6:0. Тартысты өрбіген екінші матчта Данир Қалдыбеков те үмітті ақтады – 2:6, 6:2, 6:3. Ештеңені шешпейтін үшінші бәсекеде Ә.Омарханов пен Виталий Зацепин ұтылып қалды. 

Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды. Ертең қазақстандықтар D тобындағы соңғы матчын Таиландпен өткізеді. Ширек финал жеребесі 13 сәуір күні кешкісін тартылады.

Өзгелердің жаңалығы