«Кітап – Қазақстан және Түрікменстан мәдени ынтымақтастығының арқауы» атты көрме өтті

13 Сәуір 2022, 14:28
2710
Бөлісу:
«Кітап – Қазақстан және Түрікменстан мәдени ынтымақтастығының арқауы» атты көрме өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Кітап – Қазақстан және Түрікменстан мәдени ынтымақтастығының арқауы» атты халықаралық кітап және сурет көрмесі өтті. Іс-шараны Ұлттық академиялық кітапханасы Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шара аясында Түрікменстанның жетістіктері, Бейтараптық мәртебе негізінде жүзеге асып жатқан түрікмен мемлекетінің саясаты жөніндегі кітаптар, сондай-ақ шет тілдеріне аударылған Аркадаг Гурбангулы Бердімұхамедовтың еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.

Көрмеде сондай-ақ түрікмен әдебиетінің негізін қалаушы Мақтұмқұлы Фрагидың поэтикалық шығармалары және Шабенде және Молланепес сияқты түрікмен жазушыларының, ақындарының туындылары қойылды.

«Кітап – Қазақстан және Түрікменстан мәдени ынтымақтастығының арқауы» атты көрме өтті

Сонымен қатар, түрікмен халқының мақтанышы мен ұлттық қазынасы болып табылатын Ахалтеке жылқысы туралы бейнежазба көрсетілді.

Көрмеде түрікмен кілемдері, зергерлік бұйымдар мен қолөнер туындылары, суреттер мен фотосуреттерге де орын берілген.
Іс-шараға Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджепов, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев, бірқатар елдердің дипломатиялық корпус қызметкерлері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы